Қазақстан • 24 Ақпан, 2022
Қаратау баурайында қыран қалқып...
Жоғалып кете жаздап барып қайта жанданған құндылықтың бірі – саятшылық. Бабадан қалған мұраны зерттеп жүргендер осыдан 40 жыл бұрын елімізде құс салатын оншақты-ақ адам қалғанын айтады. Ал қазір 200-ге жуық құсбегі бар. Тағы бір айта кетерлігі, бұрынғылар бүркітті ғана баулыған болса, қазіргі жастар арасында қаршыға, ителгі, лашын, бидайық сияқты құстарды қолына қондырғандар көбейген.
Қазақстан • 24 Ақпан, 2022
Ашаршылық ақиқатына жаңа көзқарас қажет
Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмыс тобының зерттеушілері мен бағыт жетекшілері Сырдария губерниясы, Түркістан облысында болған ашаршылық барысы туралы ғылыми мақалалар әзірлеп, оны «Оңтүстіктегі саяси-қуғын сүргін: тауқыметті тағдырлар» атты ғылыми мақалалар жинағына енгізді. Аталған жинақ 2021 жылғы желтоқсанда баспадан шықты. Бұл М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдары Түркістан облыстық қоғамдық-саяси тарих архивінің ұжымымен бірлесе баспаға ұсынылатын көптомдық дерек жинағының алғашқы томы. Яғни ашаршылық процесінің субъективті себептерін көрсететін және дәлелдейтін құжаттар.
Білім • 24 Ақпан, 2022
Инновациялық даму жаңа биіктерге жетелейді
Биыл жаңаша өркендеу реформасын жүзеге асыруды алға қойған еліміздің білім беру жүйесінде де нақты стратегиялық жоспарлар мен міндеттер айқындалып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы тапсырмаларын іске асыру бағытында Білім және ғылым министрлігі тарапынан ауқымды жұмыс атқарылуда.
Білім • 24 Ақпан, 2022
Білім ошақтарының жағдайы мәз емес
Білім саласына жиі жасалған реформалардың нәтижесі отандық оқу-ағарту жүйесінен нақты көрініс тауып отырғанын ешкім жоққа шығара алмас. Дегенмен, орта мектептердегі білім сапасының деңгейі мақтанарлықтай емес екенін мойындауымыз керек. Өйткені ел іші де, сырт көз де бұған қатысты сын айтып, мін тағатыны шындық.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2022
Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы кәсіподақ ұйымын құру бастамасы үшін 2021 жылдың қыркүйек айында жұмыстан шығарылған «КазПетролГрупп» мұнай компаниясының 12 қызметкерінің құқығын қорғай алды. Жұмыс беруші мен жұмысшылардың бастамашыл топ мүшелері арасындағы сот ісі Кәсіподақтар федерациясының ерекше назарында болды.