Партия • 23 Ақпан, 2023
«Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына және жергілікті мәслихаттарға кандидаттар үгіт-насихат жұмысын Семей қаласындағы қоғамдық көліктерде жүргізді. Іс-шараға Мәжіліс депутаттығына кандидат – Қайрат Айтуғанов, Серік Егізбаев, Дәурен Рахымбек, Дәулеткерей Кәпұлы және Жандос Тұрсынғалиев қатысты.
Партия • 23 Ақпан, 2023
«Amanat» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері өңірлерде сайлаушылармен кездесуді жалғастырып келеді. Бұл жолы аманаттықтар Қарағанды облысында болып, тұрғындарды сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2023
Түркияға көмекке кеткен Қазақстан құтқарушылары қирандылар астында қалған 7 адамды құтқарып, 200-ден астам жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсеткен. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында олар табиғи апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарының барысы, кинологиялық есептеулер және Апаттар медицинасы орталығының қызметі туралы айтып берді.
Қоғам • 23 Ақпан, 2023
Италияның Оңтүстік Тироль аймағында алма өсіретіндердің басы дауға қалды. Германия бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметке сүйенсек, кәсіпорындар зиянды пестицидтерді шектен тыс қолданады екен. Соның салдарынан көпшіліктің жеңсік асына айналған алма денсаулыққа залал келтіріп, қоршаған ортаға кесірін тигізетін көрінеді.
Экономика • 23 Ақпан, 2023
Экспорттық мұнайды есептеу формуласындағы Urals бағасы қазақстандық сортты KEBCO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) бағасына ауысатын болды. Сонымен қатар ашық түсті мұнай өнімдеріне экспорттық кедендік баж салығын түзету коэффициенті 0,3-тен 1-ге өзгерді. Осылайша, ашық түсті мұнай өнімдерінің ставкасы мұнай баж салығымен теңестіріледі. Қазақстан мұнайының атауы санкцияға ұшыраған ресейлік Urals-тың зардабы тимес үшін ауыстырылып отыр.