Аймақтар • 23 Ақпан, 2023
Тағы 1 миллион теңгеден беріледі
Былтыр Аманқарағайдағы өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданының тұрғындарына тағы 1 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. Өткен жылдың қарашасында Әулиекөлдің іргесінен бой көтерген «Бірлік» шағын ауданындағы жаңа үйлерге қоныстанған 27 отбасы таяуда күнкөріс қиындап, коммуналдық шығындарын өтей алмайтын жағдайда отырғандарын айтып көмек сұраған.
Қоғам • 23 Ақпан, 2023
Жеке көмекшінің ақысы еңбегіне жеткілікті ме?
Елімізде жүріп-тұруға мүмкіндігі жоқ, бірінші топтағы мүгедек адамдарға мемлекет есебінен жеке көмекші қызметі қарастырылып, оған арнайы ақы төленеді. Алайда бұл төлемнің берілу тәсілінде біршама кемшілік бары байқалады.
Жемқорлық • 23 Ақпан, 2023
Қылмыс атаулының жеңілі жоқ. Бүгінгі қоғам үшін де, жаңаруға қадам басқан қазақ елі үшін де экономикалық қылмыстың қаупі басым болып тұр. Мұның астарында қанға сіңген әдетке айналғандай әсер қалдыратын жемқорлық жиі көрініс береді.
Тұлға • 23 Ақпан, 2023
Президент келген кезде кім керек? Қазым Аманқосов. Әулиетада үлкен іс-шара ұйымдастырылса ше? Тағы да Қазым. Әйтеуір қажет кезде Қазымды көрсетуге құмар біздің билік оның «ортекені» билетуге алты жыл уақытын сарп еткенін естен шығарып ала береді. Аз-кем атағы бар демесек, үлкен бір атақтарға да ұсынбайды. Осылайша белгілі суретші, ағаштан түйін түйген қолөнер шебері қалтарыста қалып жүр.
Театр • 23 Ақпан, 2023
Қазаққа «ұждан» философиясын тұңғыш енгізген Шәкәрім Құдайбердіұлы еді. Ар, ұят, ынсап, мейірім мәселелерін философиялық логикада қарастырған ақынның «Ұждан» атты әңгімесін көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Алаш ардақтысының осы бір шығармашылық мұрасын Керекудегі Аймауытов театрының ұжымы сахналау дайындығына кірісіп кетті. Ресейлік және франциялық әріптестерімен бірлескен қойылым наурыз айының соңында көрерменге ұсынылмақ.