Ғылым • 23 Ақпан, 2024
Қазақстан мен Британ Кеңесі ынтымақтастығы білім беру саласында өз жемісін беріп отыр
Қазақстан білім беру саласында халықаралық серіктестік қызметін одан әрі дамыту және отандық университеттерді интернациялауды жеделдету жолында мемлекеттік инвестицияны әрдайым арттырып келеді. Бұл – еліміздің дипломатиялық, экономикалық және академиялық тұрғыдан ұзақмерзімді перспективаларға негізделген стратегиясы. Елімізде кейінгі уақытта шетелдік, оның ішінде білімі мен ғылымы ғасырлар бойы дамып, бүгінде әлемдік брендке айналған Ұлыбритания университеттерінің кампустарын, филиалдарын ашу үрдісін байқауға болады. Оның бәрі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығының, әсіресе білім мен ғылымға көптеп ден қоюының жемісі деуге болады. Сонымен қатар бұл – Қазақстанның дамыған мемлекеттермен жан-жақты тиімді қарым-қатынас орнатып, олардың озық техника-технологиясын, инновациясын, білімі мен ғылымын интеграциялаудағы қарқынды қадамдарының нәтижесі.
Жастар • 23 Ақпан, 2024
NEET санатындағы жастарға грант беру «Zhas Project» шағын гранттар конкурсы арқылы жүзеге асады. Өтінімдерді қабылдау 25 наурыздан басталады. Биыл аймақтағы әлеуметтік жобаларды қолдауға 14 грант бөлінеді.
Құқық • 23 Ақпан, 2024
Бала қауіпсіздігі – өзекті мәселе
Көшеде, үйде немесе мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеті. Осы мақсатта заңнамалар жетілдіріліп, қажетті шаралар да қабылданып жатыр. Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде мамандар осылай деді.
Мектеп • 23 Ақпан, 2024
Жеті мектеп пайдалануға беріледі
«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деген Мағжан Жұмабаевтың сөзі қай кезде де маңызын жоймайтыны анық. Ағартушы салаға деген қамқорлық жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, Жамбыл облысында өткен жылы білім беру саласына 280 млрд теңге қарастырылса, биыл 320,2 млрд теңге бөлініп отыр.
Білім • 23 Ақпан, 2024
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) биылға бір рет өтті. Қаңтардағы тестілеу жоғары оқу орнының тек ақылы бөліміне түсуге жарайды. Алда үміткерлерді әлі грантқа түсуге мүмкіндік беретін екі және нәтижесі ақылы оқуға жарайтын тағы бір тестілеу күтіп тұр.