Құқық • 23 Ақпан, 2024

Бала қауіпсіздігі – өзекті мәселе

546 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Көшеде, үйде немесе мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеті. Осы мақсатта заңнамалар жетілдіріліп, қажетті шаралар да қабылданып жатыр. Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде мамандар осылай деді.

Бала қауіпсіздігі – өзекті мәселе

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төр­ағасы Насымжан Оспанова биыл елі­мізде Бала құқықтары туралы конвенцияның қабылданғанына 30 жыл толғанын атап өтті. Осы уақыт ішін­де еліміз балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыру жобасы үлкен жолдан өтті.

«Балаларға жасалған жағдайлар мен ұлттық саясаттың тиімділігін бағалау мақсатында 2021 жылы Балалар әл-ауқаты индексі жасалып, енгізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылдан бастап «Ұлттық қор – бала­ларға» жобасы іске қосылды. Жоба аясында Ұлттық қордың инвестициялық табы­сының 50%-ы барлық бала арасын­да бөлінеді. Кәмелетке толғаннан кейін бұл қаражатты білім алуға немесе тұр­ғын үй сатып алуға пайдалануға болады. Қазір республикада 6,9 млн бала бар. 2027 жылға қарай олардың саны 8 мил­­лион­ға дейін жетеді деген болжам жа­сал­ды», деді ол.

Оқу-ағарту министрлігі өкілі елімізде мектеп­ке дейін­гі және орта білім беру сала­ларындағы мәсе­лелерге де тоқталды. Оның айтуынша, қазір елімізде 7 849 мектеп бар, онда 3,8 млн бала білім алып жатыр. «Дегенмен осы сала­дағы негізгі мә­селе – мек­­тептердегі орын тапшы­лы­ғы, үш ауы­сымдылық және мек­теп­тердің апатты жағдайы болып отыр. Оны шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жо­­басы іс­ке асырылып жатыр. Жо­ба то­лық жүзеге ас­қан сәтте жо­ғарыда аталған мәсе­ле­лер толық шешімін таба­­ды. Бұл іс-шаралар бала­лар­­дың сапалы білім алу құ­­­-
қы­ғын қамтамасыз етуге ба­ғыт­талған», деді спи­кер.

Қазіргі таңда елімізде Ба­­лаларды зорлық-зомбы­лық­тан қорғау, олар­дың құ­қық­тары мен әл-ауқа­тын қамта­масыз ету және суи­цид­тің алдын алу жө­ніндегі 2023-2025 жыл­дарға ар­нал­ған кешенді жос­пар іске асы­ры­лып жа­тыр. «Балалар тұратын нысандарда бұрын-соң­ды болмаған кешен­ді қауіп­­­­сіздік іс-шаралары қол­ға алынды. Мемлекеттік бі­лім беру ұйымдарының бар­лы­ғы бейнебақылау жүй­е­­­­ле­­рімен қамтамасыз еті­ліп, Жедел басқару орта­лық­­­та­рына қосылған, сонымен бір­ге лицензияланған күзет­пен қам­тылып, дабыл түйме­ле­рі­мен жабдық­талған. Ми­нистрлік үшін білім беру ұйымдарындағы қауіпсіз орта тек техникалық қауіпсіздік құралдарымен шектеліп қой­май, балалар­дың эмоцио­налдық күйін де қамтиды. Дос­тық, жауап­тылық және өза­ра сый­лас­тық дағдыларын қалып­тастыру негізінде мектепте өзара жақсы қарым-қа­тынас орнату үшін білім беру ұйымдарында «Дос­болlike» акциясы өтті. Енді «Досболlike» буллингке қар­сы бағ­дар­ламасы еліміздің 8 өңірінің 50 мекте­бінде жүзеге асырылмақ», деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырма­лары аясында Оқу-ағарту министр­лігі Ғылым және жоғары білім минис­тр­лігімен бірлесіп «Менің бауырым» еріктілер жобасын бастады. Жоба арқылы балалар дұрыс қарым-қа­тынас орнатуды, түрлі мә­селені шешу үшін тіл табысуды үйренеді.

Елдегі жетім балаларға жағдай жасау мәселесіне де тоқтаған Н.Оспанова жыл сайын ел тұрғындары мың­нан астам жетім баланы асы­рап алғанын да айтты. «Қа­зіргі таңда 21 387 жетім бала­ның 17 600-і отбасыларда тәр­биеленіп отыр», деді ол.

ЮНИСЕФ-тің жаһан­дық есебінде әлемдегі әр­бір үшінші интернет қол­дану­­шы­сы бала екендігі айтыл­ған. Былтыр Оқу-ағар­ту министрлігімен бірле­сіп балалардың онлайн қауіп­сіздігі мен онлайн тәжі­ри­бесіне зерттеу жүргізілген. Бұл дерек­термен дөңгелек үстел­де ЮНИСЕФ-тің бала­лық шақ­ты қорғау бағдарла­мала­рының жетекшісі Айсұлу Бекмұса бөлісті. Оның кел­тірген дерегіне қарағанда, елі­­мізде балалардың 45%-ы интернетті 5-8 жасында, 5%-ы одан да ерте жаста қол­да­на бастайды.

«Ең алдымен, интернет балаларға оқу, даму, шы­ғар­машылық, әлеуметте­ну сынды мүмкіндіктер бе­ретініне на­зар аударғым келеді. Мұны есте ұста­ған жөн, бірақ тәуе­кел бар екенін де түсіну керек. Зерттеу барысында біз балалардың 21%-ы кибербуллингтің түр-түріне ұшырағанын байқа­дық. Бірақ олардың жартысы ғана ата-анасына бұл жайында айтса, қалғаны ешкімге тіс жармайды. Бұл ата-аналар­­дың балаларының интернет­тегі қандай қауіптерге тап болатынын толық түсін­беуін көрсетеді. Бала мен ересек адам арасында сенім деңгейі төмен екенін айқындайды», деп атап өтті ол.

Осындай келеңсіздік­тер­дің алдын алу және ба­ла­­­ның дұрыс дамып же­тілуі мақ­сатында биылдан бас­­тап Оқу-ағарту ми­нистр­­лігі Біртұтас тәрбие бағдар­ламасын енгізді. Бағ­дар­­ла­ма білім беру және жал­пы адам­зат­тық, ұлттық құнды­лықтарға негіздел­ген. Бұл жайында ОАМ Тәрбие жұ­мы­сы және қосымша білім беру департаменті­нің директоры Меруерт Медет­бекова айтты.

«Әр баланың қауіпсізді­гі ата-ана­ның мейіріміне байланысты. Осы жағдайға те­реңі­рек бойлай отырып, барлық білім беру меке­месі, балабақша, мектеп, колледж­де ата-аналармен жұ­мыс өте қарқынды жүріп жатыр. Бар­лық мектепте ата-аналарды қолдау ор­талықтары ашылды. Бұл жерде саналы түрде әр әке, әр ана, әр педагог өзі осы қоғамда жалпы бала үшін не істей аламын, баланың қауіпсіздігіне қандай үлес қосамын деген үлкен мәсе­лені сезіне алуы үшін біз жоғарыда аталған іс-шара­ларды іске асырып жатырмыз», деді спикер.

Дөңгелек үстел басын­да Денсаулық сақтау министр­лігі Ана мен бала ден­сау­лығын сақтау департаменті ди­ректорының орынбаса­ры Әйгерім Оспанова, ІІМ Әкімшілік полиция ко­ми­те­тінің басқарма бас­шы­сы Әсет Оспанов, «Өр­кен» балалардың әл-ауқа­ты­­ның ұлттық ғылыми-прак­ти­ка­­лық институты» КеАҚ пре­­зи­денті Есен­ғазы Иман­ға­лиев, «Құқық» қоғам­дық қо­рының басшысы Ольга Рыль, т.б. мамандар да ой-пікірін ортаға салды.