Өнер • 26 Ақпан, 2020
«Гамбург есебімен» бағаланған балет
Үздік қойылымдары мен тың премьераларын паш еткен «Астана Балет» театрының Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында жоспарланған гастролі Алматыда төрт күн бойы табысты жүріп өтті. Төрт күн бойы да Абай атындағы опера және балет театрының кассасы алдында билет таба алмай сеңдей соғылысып жүрген классикалық өнердің табынушыларына қосымша сатылым ұйымдастырылып, театр іші лық толып отырса, қойылымнан кейін де ғажайып өнердің әсерінен айыға алмаған көрермен көпке дейін тапжылмай тұрып қол соғып, тарағысы келмей, әр қойылыммен қимай қоштасты.
Таным • 26 Ақпан, 2020
Қазақтың халық әндерінің ішінде нағыз інжу-маржан дерлік бір ғажайып ән – «Үкілім-ай!» Бұл осы күнгі болып жататын жеңіл-желпі ду-ду отырыстарда, тіпті, тойлардың өзінде дызылдап, безек қағып айтылатын «Үкілім-ай» емес, оның әуезі арманды, аңсаулы жүректің ғұмыр бойы өшпейтін уһілін тереңнен қозғайтын, тұңғиық сыры бес батпан... күрсіндіріп отырып кешегі бір ессіз, мұңсыз күндердің бар қызығын жайнатып тұрып алға тартатын ән.
Әлем • 26 Ақпан, 2020
Украинаның оңтүстік-шығысындағы Донбасс аймағында жағдай күрделене түсті. Өткен аптаның басында осы өңірдегі өткізу бекетінде қарулы қақтығыс болып, украиналық бір жауынгер қаза тапты. Украина да, Ресей де атысқа бірін-бірі кінәлап отыр.
Әлем • 26 Ақпан, 2020
Меже – 5 миллиард (Өзбекстан мен Түркия тауар айналымын ұлғайтуға ниетті)
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв жақында Түркияға ресми сапармен барған болатын. Түркияға зайыбымен бірге барған Өзбекстан басшысын Анкарада президент Режеп Тайип Ердоған мен Анкара басшылығы, ресми өкілдер қарсы алды.
Әлем • 26 Ақпан, 2020
Еуропалық одақ: Басты мәселе – бюджетті бекіту
Брюссельде Еуропалық одақтың алдағы бюджетін бекіту мәселесі қызу талқыланып жатыр. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, биылғы пікірталас «қарт құрлық» үшін ерекше болмақ. «Брекситтің» ресми аяқталуы ЕО-ға да оңайға соқпайтын түрі бар.