Үкімет • 26 Ақпан, 2020
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі су тасқыны қаупінің алдын алу мен оны жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Ішкі істер министрі Ержан Тұрғымбаев, өзен бассейндеріндегі гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі туралы тиісті министрліктердің басшылары мен облыс және қала әкімдері баяндады.
Елбасы • 26 Ақпан, 2020
Назарбаев лидерлігі: Ұлы даланың өрлеуі
Ұлы даланың жылнама-жадын жаңғыртып, оны сол күннің биігінен байыптап, болашаққа бағдар еткен, сөйтіп ұлттық код, киелі рәміз, қасиетті ұранға айналған тұлғалар болған. Тұғырлы тұлға ғұмырлы тарихты жасаса, тарих та тегеурінді тұлғаны тудырады. Мұны біз терең тарихымыздың тағылымынан жақсы білеміз. Әрбір дәуір тудырған дарабоз тұлға Ұлы дала тарихын жаңа белеске көтеріп отырды. Көшпелі қоғам өзінің көшбасшы жетекшілерінің соңынан ерді. Сол себепті түркі тарихын ілгері сүйреп, дәуір доңғалағын алға жылжытқан қадау-қадау тұлғаларсыз тұтас тарихты, елдік жүйені тану қиын. Ғұлама Абай «Единица кеткенде, не болады өңкей нөл? Берекеңді қашырма, ел тыныш болса, жақсы сол» дегенде Ұлы дала халықтарының талайғы тарлан тарихынан тағылым түйіп сөйлесе керек.
Қоғам • 26 Ақпан, 2020
Бүгінде бұл оқиға туралы тек нақты мәліметтер ғана жария етілуде. Алдағы уақытта оның себеп-салдары сараланып, ауқымды талдау жүргізілері анық. Дегенмен, бір нәрсе анық мәлім. Ол – әскери бөлімдегі тәртіп пен қызметтік міндетке жауапкершіліктің босаңсуы, бәлкім болмауы.
Кәсіпқой бокс • 26 Ақпан, 2020
Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі сәуір айында өтеді
Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Әкімі Зайсанға кеткен Үржар ауданына жаңа басшы тағайындалды
Нұржан Тоқсейітовтің мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол.