Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Жаңа заң жобасы қоғамдық кеңестердің белсенділігін арттырады
Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин «Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері бойынша Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі ережелерін таныстырды.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Аралда мұз астынан балық аулау турнирі өтті
Халықаралық «Аралды құтқару қоры» атқарушы дирекциясының ұйымдастыруымен Аралдағы Қамбаш көлінде мұз астынан балық аулау турнирі өткізілді.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
«Меркі қант зауыты» кәсіпорны шаруалардың қарызын өтейді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың халықпен есепті кездесуінде жергілікті бір топ шаруалар өзекті мәселені көтерген болатын. Қант қызылшасын егетін кәсіпкерлер «Меркі қант зауыты» кәсіпорнынан миллиондаған алашағын ала алмай жүргенін айтып, әкімнен көмек сұраған еді. Тіпті есепті жиын аяқталғанда да шаруалар әкімді қаумалап, бұл мәселені реттеп беруін сұрағанда, әкім мәселені шешіп беретінін айтып, уәде де берген. Кейіннен Бердібек Сапарбаев агрономдармен кездесіп, зауыттың шаруаларға берешегі туралы мәселені алға қойды. Жалпы, бұл қарыз дауы жыл сайын болатын әңгіме. Ал, бұл жолы қант қызылшасын егушілердің мәселесі қалай шешіледі?
Қоғам • 25 Ақпан, 2020
Алматыда 2,5 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды
Қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы атаулы әлеуметтік көмек көрсету барысына қатысты мәліметтермен бөлісті.
Қоғам • 25 Ақпан, 2020
Қаржы пирамидалары мен ломбардтар қызметіне 2 мыңнан астам адам шағым түсірген
ҚР ІІМ мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылдың қазан айынан бастап Қазақстанның 13 өңірінде бұрын тіркелген «Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард», «Выгодный займ» ЖШС бір уақытта өз қызметін бастаған. Қаржы кәсіпорындарының негізін қалаушы және басшылары Ақтөбе облысының тумалары. Олар аталған компаниялардың заңсыз қызметін ұйымдастырған.