Аймақтар • 25 Ақпан, 2020

Аралда мұз астынан балық аулау турнирі өтті

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық «Аралды құтқару қоры» атқарушы дирекциясының ұйымдастыруымен Аралдағы Қамбаш көлінде мұз астынан балық аулау турнирі өткізілді.

Аралда мұз астынан балық аулау турнирі өтті

«Aral Fish» деген атаумен өткен турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Жұбанов қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан соң қордың атқарушы дирекциясы басшысы Болат Бекнияз сайыстың мақсаты мен ережелерін түсіндіріп өтті.

Турнирге Қызылорда, Байқоңыр, Арал қалаларынан келген 18 команда құрамында 100-ге жуық әуесқой балық аулаушы қатысты.

Командалық және жекелей сынақта түрлі аталымдар жеңімпаздар анықталды. Cайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен арнайы медальдар табысталды.

Командалық сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орынды I орынды «Зенит» командасы жеңіп алды. Екінші орынды «Живцы» командасы иеленсе, үшінші орын жүлдесі «Рыболовные воиска» тобына бұйырды.