Білім • 23 Ақпан, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев диплом үлестірумен айналысатын жоғары оқу орындарын жабуды тапсырған бола тын. Бұл жұмыс әлі де жүргізіліп келеді. Соның бір нәтижесі жақында тағы үш университет жабылды.
Қоғам • 23 Ақпан, 2022
Жаза күшейсе де, мал ұрлығы өршіп тұр
2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, мал ұрлығына қатысты қылмыстық жаза күшейтілген еді. Бұл Жарлықтың пәрмені бастапқыда ел ішіндегі мал ұрлығының екпінін азайтқандай болғанымен, қылмыстың тамырына мүлдем балта шаба алған жоқ.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2022
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне түскен өтініштерді зерделеу нәтижесінде басым бөлігі азаматтардың жауап хатты алмау және олармен келіспеу деректеріне, жер мәселесіне қатысты екені анықталған. Осыған орай мемлекеттік органдардың тарапынан берілетін жауап хаттардың сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында департамент түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2022
Алматы қаласы мен Алматы облысының аумақтық шекаралары өзгерген кезде «мұраға» қалған мәселелер жеткілікті. «Шетсіз қала» бағдарламасын іске асыру аясында осы түйткілдерді шешу үшін инженерлік желілердің екі жобасы (электрмен жабдықтау және судан бұрумен сумен жабдықтау) әзірленді. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.
Қоғам • 23 Ақпан, 2022
Кәсіпкер салған үй пайдалануға берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы тұрғын үй мәселесін шешуге жергілікті кәсіпкерлерді тарту жөнінде тапсырма берген болатын. Осы іс Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында қолға алынып, қазір нәтижесін бере бастады.