Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
Қос қанатты қыран қыз – Рәшила Мұрсалиева
Қашанда қатарының алды болып, қияға қанат қағып, үнемі өсу – самғау үстінде жүріп, бұл күнге жеткен қарындас-құрбы жайлы қалам тарту мен үшін әрі қуаныш, әрі жұбаныш дер едім. Қуанышы – талай асу-белестерді артқа тастап, кейде ашық аспанның астында, кейде қат-қабат қалың бұлтты қақ жарып, қырандай самғап осынау жасқа жетті. Тәубе, дейік! Жұбанышы – қос ғасыр тоғысында, бір-біріне кереғар екі жүйенің де сынынан өтіп, ыстығына күйіп, суығына төзіп дегендей, әр дәуірдің дауылына да, желіне де төтеп беріп, бүгінгі тәуелсіздік заманын көзбен көріп, өмір сүру екінің бірінің басына қона бермеген сирек бақыт екенін сезіну.
Білім • 28 Ақпан, 2018
Технологиялық дамуға жол ашады
Кешегі кеңестік кезеңде ақпараттық технология бойынша білім алған ең алғашқы мамандардың бірі ретінде жаңа бетбұрыс кезеңіне бастайтын қадамды қуанышпен қабылдадым. Бүкіл техника саласында еңбек етіп жүрген мамандардың, инженерлер қауымының бұл қадамды қуаттайтынына еш күмәнім жоқ. Жаһандану дәуірінде өмірдің қажеттілігінен туындап отырған бұл мәселе Президент Н.Назарбаевтың соңғы Жолдауына өзек болған «төртінші өнеркәсіптік революция» талаптарымен, Қазақстан үшін жаңа цифрландыру кезеңінің басталуымен де қабысып, толықтай үйлесімін тауып отыр. Ақпараттық технологиялар дәуіріне қарышты қадам жасаған Қазақстанның жаңа жаһандық болмысты қабылдауына, әлемде болып жатқан өзгерістерден тысқары қалмауына латын графикасының да тигізетін көмегі мен пайдасы аз болмақ емес.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
Мұғалімнің кәсіби мәртебесі қалай қалыптаспақ?
Қай заманда да адамды адам ететін үш мамандықтың өкілдеріне адамзат баласы аса құрметпен қарап, қадір тұтқан. Олар: адамның жанын емдейтін – мұғалімдер, адамның тәнін емдейтін – дәрігерлер, қоғамдағы әділдікті қамтамасыз ететін – заңгерлер.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2018
Бірер ай бұрын ұжымды мектеп басшысы мынадай жаңалықпен таныстырды. Алдағы оқу жылынан бастап, бірқатар пәндердің сағат саны қысқаратын болыпты.
Білім • 28 Ақпан, 2018
Өркениетті дамыған әлем елдері латын графикасымен бұрыннан жазады. Бүгінде әлемнің 100-ден астам елі латын қарпін қолданады екен. Түркі тілдес елдер арасында 1929 жылдан бастап Түркия, 1992 жылдан Әзербайжан, 1993 жылдан Өзбекстан мен Түрікменстан осы графикаға көшті.