Ғылым • 22 Ақпан, 2023
Топырақ құнарын еселейтін технология
Орталық Азия халқының шамамен 60 пайызы азық-түлік пен кіріс көзі ретінде ауыл шаруашылығына тәуелді. Алайда бұл өңірдегі суармалы жерлердің 40-60 пайызына дейінгі бөлігі тұзды болып келеді. Бұдан Түркіменстан (жалпы аумақтың 68 пайызы), Өзбекстан (51 пайыз), Қазақстан (50 пайыз) және Түркия (30 пайыз) зардап шегіп отыр. Тіпті топырақтың болмашы тұздануының салдарынан дақылдардың өнімділігі 20 пайызға төмендейді, ал тұздылығының мөлшері жоғары жерлерде 70-80 пайызға дейін жетеді.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2023
Жөнделген орталық, жаңарған жабдық
Денсаулық сақтау саласында білікті мамандармен қатар ем-дом көрсететін нысандардың заманауи әрі талапқа сай болуы – әлеумет көкейіндегі көп түйткілдің бірі. Жасыратыны жоқ, жер-жердегі медициналық ұйымдардың басым бөлігі кеңестік кезеңде қабырғасы қаланған екен. Бүгінде медицинаның алдында сол көне ғимараттарды жаңғырту һәм жаңарту міндеті тұр.
Тарих • 22 Ақпан, 2023
«Шах Дарап, Үрістем, Аспандияр, Былқыс, Нахыт сұлудың қиссасы»
Жетісуда аты аңызға айналған не бір айтулы әнші де, күйші де өтті ғой дүниеден, – деуші еді жарықтық Кенекең. Расында, бұл өңірде Сүйінбай, Жамбыл, Майкөт, Бақтыбай, Құлмамбет, Бөлтірік шешен, Дәурен сал, Қапез, Кенбай, Тілеміс, Қуандық, Байсерке, Орақбай, Қылышбай, Бармақ, Қарқабат, Нұралы, Өзбек, Қалыбек, Рахымбай, Сатыбалды, ағайынды Егемберді, Құдайберген, Қарақожа, Жидебай, Сауытбек, Сыбанбек, Тәтелбек, Балқыбек, Қазақбай, Әтібек, Жиенбай, Бармақ, Мырзабай, Кенжеқожа, Кенен, Тілеміс, Әлмейін,Ұлбике, Өзипа, Қырмызы, Әлмен, Айкүміс, Сара, Ләтипа, Баян, Жаңылдық сынды ақындар мен жыраулар, күйшілер, әншілер мен басқа да өнерпаздар өмір сүрген.
Өнер • 22 Ақпан, 2023
Кәрім Бекеновтің есімі қазақ бейнелеу өнерінің графика саласында ерек аталады. Шығармашылық өмірі халық аңыз ертегілері мен эпостық жырлардан бастау алған график-суретшіні еске алуға арналған көрме Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде есік ашты.
Кино • 22 Ақпан, 2023
Қысқаметражды фильм жас режиссерлер шығармашылығының өзегі іспетті. Жарты сағаттың айналасында көрерменнің жүрегіне жол салу әрі алғашқы аяқалысы арқылы өз қолтаңбасынан хабар беру тәжірибесі мол кәсіби шебердің өзіне де оңай емес. Бір сөзбен түйіндегенде, қысқаметражды фильм «мен киноға келдім» деген хабаршы. Бұған дейін «Шу-Чу» атты фильм түсірген әнші, композитор, продюсер, актер Жантемір Баймұхаметов жақында «Егеуқұйрық» атты екінші фильмін көрерменге тарту етті. Өзін режиссер ретінде дәлелдегісі келген өнер адамының салмақты жұмысына назар аудармау мүмкін емес.