Сұхбат • 22 Ақпан, 2023
Қазақстанның еркін күрес шеберлері арасында әлем чемпионатында екі мәрте жеңіс тұғырына көтерілген екі-ақ балуан бар. Олар – Дәулет Ниязбеков пен Нұрислам Санаев. Нұрислам Тывада туып-өсіп, 2015 жылдан бері біздің елдің туы астында өнер көрсетіп жүр. Ал Дәулет қазақтың қарапайым ғана баласы. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тумасы байрақты бәсекелерде Қазақ елінің намысын 11 жыл бойы абыроймен қорғады. Сол аралықта ол әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы және сол жарыстың төрт дүркін қола жүлдегері атанды. 2012 жылы Лондон және 2021 жылы Токио Олимпиадаларында өнер көрсетіп, екі ретінде де бесінші орынға табан тіреді. Қазіргі кезде Дәулет Шораұлы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы.
Футбол • 22 Ақпан, 2023
Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалдағы тағы екі жұптың кездесулері өтті.
Ауыр атлетика • 22 Ақпан, 2023
Ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сонға допинг қолданды деген айып тағылып, 8 жылға спорттан шеттетілді.
Хоккей • 22 Ақпан, 2023
Ресейдің «Спорт Экспресс» басылымы Құрлықтық хоккей лигасының биылғы маусымында (ҚХЛ) ең көп жалақы алатын хоккейшілердің есімін жариялады. Бай-қуатты спортшылардың тізімін «Локомотив» пен «Авангард» клубтарының шабуылшылары – Максим Шалунов пен Корбэн Найт бастап тұр. Екі хоккейші жылына 90 млн рубль (теңгеге шаққанда – 538 млн) көлемінде жалақы алады екен. Бұл – бонус пен сыйақыларын есептемегендегі таза айлық жалақылары.
Бокс • 22 Ақпан, 2023
Ташкентке барудан бас тартып жатыр
Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты негізгі фаворит құрамаларының қатысуынсыз өтуі мүмкін. Себебі Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте жалауы желбірейтін дүниежүзілік доданың уақыты жақындаған сайын жаһан біріншілігінен бас тартып, бойкот жариялаған құрамалардың қатары артып барады. Бүгінге дейін АҚШ, Чехия, Ирландия, Ұлыбритания, Канада, Польша, Швейцария және Нидерланд құрамалары Ташкент шаршы алаңында жұдырықтаспайтындарын мәлімдеп үлгерді.