Қазақстан ауыр атлетика федерациясы таратқан мәлімет бойынша, 2022 жылдың 9 ақпаны мен 2 наурызы аралығында Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау шеңберінде ұлттық құрама спортшылары арасында тестілеу өткізіп, оның қорытындысы бойынша Игорь Соннан оң допинг-сынама анықталған.
Олимпиада жүлдегері осымен екінші рет допинг дауына ілініп отыр. Бұған дейін ол 2015 жылы тыйым салынған препаратты пайдаланғаны үшін де жеті айға жазаланған болатын. Антидопинг ережесіне сай, қатарынан екі рет допингпен ұсталған атлет 8 жылға спорттан шеттетіледі.
Айта кетейік, И.Соннан допингті Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығы анықтаған соң, оның Олимпиада мен 2019 жылғы әлем чемпионатындағы жүлдесі өзінде қалады.