Футбол • 22 Ақпан, 2023

Корольдік клубтың камбэгі

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалдағы тағы екі жұптың кездесулері өтті.

Корольдік клубтың камбэгі

Англияда жергілікті «Ливерпуль» клубымен кездескен Испанияның «Реалы» 2:0 есебімен жеңіліп жатып, матч соңында алаң қожайындарын 5:2 есебімен ұтып кетті. Бірінші таймдағы Дарвин Нуньес пен Мохаммед Салахтың голдарына қонақтардан Жуниор Винисиус пен Кәрім Бензема дубльмен жауап берсе, Эдер Милитао «Реалдың» бесінші голын соқты. Бір айта кетерлігі, аталған турнирдің былтырғы финалында дәл осы екі ұжым жолығып, сол кезде де Мадрид командасы жеңіске жеткен еді – 1:0.

Қатар өткен екінші матчта «Наполи» Майндағы Франк­фуртте «Айнтрахт» клубын 2:0 есебімен тізе бүк­тірді. Қонақтар сапынан 40-минутта Виктор Осимхен мен 65-минутта Джованни Ди Лоренцо мергендігімен көзге түсті. Командалардың қарымта кездесулері 15 наурызға жоспарланған.