Әдебиет • 24 Ақпан, 2021
Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығын атап өттік. Жаһандық пандемия жағдайына тұспа-тұс келсе де, ел бар жерде ер есімі елеусіз қалған жоқ. Әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференциялар, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды, газет-журналдарда фарабитанушылардан бастап, ғалымдар мен қаламгерлердің танымдық, зерттеу мақалалары жарық көрді. Көркем және деректі фильмдер түсірілді.
Бокс • 24 Ақпан, 2021
Бұл күндері Болгарияның астанасы – Софияда бокстан дәстүрлі Странджа турнирі өтіп жатыр. Айтулы додада Қазақстанның да былғары қолғап шеберлері өнер көрсетуде.
Руханият • 24 Ақпан, 2021
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім – Сүйінбай» атты халықаралық жас ақындар айтысы өтті. Биыл бесінші мәрте шымылдығын түрген жыр аламанына республика аймақтарынан келген азулы ақындармен қатар, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан намысын арқалаған жас таланттар қатысты.
Қоғам • 24 Ақпан, 2021
Бірінші наурыз – мейірімділік пен достық күні. Алғыс айту күні әрбір қазақстандықтың өз естеліктері мен жүрегінің түпкірінде аялап ұстап келе жатқан ізгі тілегі мен жылы сөздерін жарыққа шығаратын күн секілді. Бұл күнді әрбір қазақстандық отбасы ерекше жоралғы, ырыммен атап өтеді. Себебі олардың көбін тарих беттеріндегі қайғылы күндер – депортация мен репрессияның азабы байланыстырады. Сол себепті де біз Алғыс айту күні қарсаңында тағы да өткенге көз саламыз...
Қазақстан • 24 Ақпан, 2021
Қап тауын жайлаған біздің шешен-ингуш халқы да зобалаң шақтың зардабын әбден тартқандығы – баршаға мәлім. 1943 жылдың аяғы мен 1944 жылдың басында жүк пойыздарына еш жазығы жоқ бейкүнә шешен-ингуш халқын күштеп артып, көз көріп, құлақ естімеген Шығысқа қарай көшіру ұлы қасіреттің басы еді.