Қоғам • 24 Ақпан, 2021
Халқымыздың бірлігі мен өзара құрметі биік
Сан қилы тағдыр жолымен Қазақстанға келген түрлі этнос өкілдері елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың қатарында бауырлас түрікмендер де бар. Демографтардың пайымдауынша, біздің де сегіз мыңға тарта қандасымыз Түрікменстанда тіршілік кешуде. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты Түрікмен этно-мәдени бірлестігінің төрайымы, экономика ғылымдарының кандидаты Гүлнара Атақызы Аннакулиеваға Қазақстандағы түрікмендердің өмір ағысы туралы бірер сұрақ қойған едік.
Әдебиет • 24 Ақпан, 2021
Көркем шығармалардың көкжиегі кеңейді
Қазақ және әлем әдебиетінің жауһарларын, заманауи әдеби-танымдық туындыларды қазақ тілінде тыңдауға мүмкіндік беретін жаңа мобильді қосымша оқырманға жол тартты.
Қоғам • 24 Ақпан, 2021
Бес жылда бір миллион отбасы үйлі болады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында үш мәселе қаралды. Олар – Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы макроэкономикалық саясаттың 2021-2023 жылдарға арналған шараларын үйлестіру бойынша келісім; Тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері; Орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы.
Экология • 24 Ақпан, 2021
Табиғатқа қарсы тағылыққа жаңа Экологиялық кодекстің талабы тоқтам сала ма?
Мұнай мен газ секілді табиғи байлықтың үстінде отырған Атырауда тұмса табиғатқа жасалып отырған тағылық тоқтар емес. Соның кесірінен өңір тұрғындарының жұтар ауасы жиі-жиі ластанады. Біресе күкірттің иісі қолқаны қабады. Енді бірде қамыс өртеніп, көкжиектен көтерілген қара түтін көк жүзінде қаптайды. Шаһар маңындағы қоқыс алаңы да әлсін-әлсін отқа оранады. Бірақ қоршаған ортаны ластауға кінәлілердің анықталмай қалатыны, тіпті қандай шара қолданылғаны ашық айтылмайтыны тұрғындарды алаңдатып отыр. Тек кейбір мекемелердің ғана аты аталып, соңында бәрі айыппұл төлеумен құтылады. Ал айыппұл салумен шектелу атыраулықтар жұтар ауаны тазарта ма?
Президент • 23 Ақпан, 2021
Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне 25 жыл
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТРК-ның жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көріп, ұжымды мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.