Тарих • 21 Ақпан, 2025
Арқаның Ақан серісін (1843–1913) әркім-ақ біледі. Артында қалған әні мен жыры, тайғақ тағдырын әркім әрқилы айтады. Соның бірі – мына бір әңгіме. Бұны көкшетаулық Жылқыбай Амалдықұлы есімді жергілікті қариядан өлкетанушы Мұқаш Мәжікеев жазып алып, Арқа өңіріне танымал ақындар Арыстанбай, Жанақ, Шашубай, Майасар, Құлтума, т.б. шығармаларымен бірге қорға (ӘӨИ, Қ.828) тапсырған екен.
Таным • 21 Ақпан, 2025
Дүниедегі қандай құбылыстың болсын табиғи негіздері мен ерекшеліктері болатыны сияқты, кемеңгерліктің де өзіндік генезисі бар. Кемеңгер тұлғаға тән бірнеше басты ерекшеліктерді сараласақ, мынадай компоненттерге бөліп алуға боларлық: интуитивтілік, иррационалдық, әмбебаптық, тосындық, көсемдік, гуманизм, жаңашылдық.
Поэзия • 21 Ақпан, 2025
Жұртты баураған поэзия жанкүйері
Әдебиет пен поэзиядан хабарыңыз бар ма, жоқ па – қасыңызға келіп, аз-кем ілтипат танытып, өлең оқи жөнелетін адамды көріп пе едіңіз? Әсіресе Мұқағалидың, Қасым Аманжоловтың өлеңдерінен төгілтеді. Орыс этносының өкілі жолықса, Сергей Есениннен қайырады. Орта бойлы, таңқы танау, мығым денелі Ерасылды Өскемен өңірі ғана емес, былайғы жұрт та әлеуметтік желі арқылы жақсы таниды. Өлең оқу стилі де ерек.
Пікір • 21 Ақпан, 2025
Піл сөздігі бар, жылқы сөздігі ше?
Ғылым кейде ештеңеге бағынбайтын ережелерден тұратындай елестейді. Біз өмір сүріп жатқан мына ғаламда әр адам өзінше жаңа тыныс ашқысы келеді. Әлденеге жаңа көзқараспен қарауды ұнатады. Сол үшін де ғылымның бір аты – ізденіс дегеніміз дұрыс болар.
Руханият • 21 Ақпан, 2025
Ұлттық ғылым академиясының академигі, көрнекті тілші Шора Сарыбаевтың өмір жолы мен қызметіне арналған «Филологтің әлемі» атты кітап жарық көрді.