Руханият • 25 Ақпан, 2020
Алтай, Тарбағатай әндері әуеледі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Халық әні» бөлімі «Алтай, Тарбағатай әндері» атты концерт өткізді. Кештің негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, қазақ даласының қасиетті де киелі мекенінен туындаған ән мен күй өнерінің өзіндік өрнектерін насихаттау.
Таным • 25 Ақпан, 2020
Түркі мұрасын түгендеген еңбек
Елордадағы Ұлттық Академиялық кітапханада ұйымдастырылған «Тарихи құндылықтар және Қазақ мемлекеттілігі» атты семинар аясында түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының үш томдық «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» және «Записки казахского тюрколога» атты туындыларының тұсауы кесілді.
Қазақстан • 25 Ақпан, 2020
20.02.2020 – осы күні елімізде 800-ден астам неке тіркелді
2020 жылғы 20 ақпанда Қазақстанда 834 жұп отбасын құрды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 593 жұпқа көп, яғни 2019 жылы дәл осы күні 241 неке тіркелген.
Экология • 25 Ақпан, 2020
Қазақстандағы экологиялық конъюнктураны жақсартуға БҰҰ Даму бағдарламасы және Bitfury Group компаниясы септесетін болады. Осыған байланысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде мүдделі тараптар тиісті уағдаластыққа қол жеткізді. Белгілі болғандай бірлескен жұмыстар орман алқаптарын ұлғайтуға бағытталған.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Қорықшыларға қос катер тарту етілді
Табиғатты қаскөйлерден қорғау – маңызды шаруа. Оңай олжаға көз тігіп, қол салатындар табиғат байлықтарына ғана емес, оны қорғаушы қорықшылардың өміріне қауіп төндіріп жүргені белгілі. Осы орайда қорықшыларды қажетті құралдармен жан-жақты қамтамасыз етіп, жұмыс барысында ұтқырлығын ұштай түсудің маңызы зор.