Президент • 21 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы жазушы Медеу Сәрсекенің отбасына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург және қоғам қайраткері Медеу Сәрсекенің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Наурыз, 2024
TikTok желісінде #Наурыз2024 онлайн-фестивалі басталды. Ұлыстың ұлы күнін тойлауға арналған хэштег арқылы отандастарымыз еліміздің түкпір-түкпіріндегі ерекше мерекелік сәттермен бөлісе алады. Ең үздік бейнематериалдардың авторларына бағалы сыйлықтар беріледі.
Мереке • 21 Наурыз, 2024
Тұтас елді ұйыстырған Ұлыстың ұлы күнін елордадағы Достық үйі де ерекше атап өтті. Өзге этнос өкілдері ақшаңқан киіз үйлер тігіп, ас беріп, алыс-жақыннан келген қонақтарға сый-құрмет көрсетіп, думанды той ұйымдастырды.
Үкімет • 21 Наурыз, 2024
Құрылтайда көтерілген мәселелер парламенттік тыңдауда талқыланады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың жетекшілігімен жалпы отырыс өтіп, депутаттар «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Кредит беру кезіндегі тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау туралы заң екінші оқылымда қабылданды.
Саясат • 21 Наурыз, 2024
Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің өкілдері Денсаулық сақтау министрлерінің жетінші кеңесінде бас қосты. Астанада өткен кездесуге Үндістан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарының басшылары келді. Күн тәртібіне сәйкес, саладағы өзекті мәселелердің шешімі қаралып, тараптар ынтымақтастықты нығайтатын екіжақты келісімге қол қойды.