Мереке • 21 Наурыз, 2024
Наурыз мейрамының тұжырымдамасына сәйкес 21 наурыз – Ынтымақ күні. Бұл күн өткен өмірімізді еске түсіруге, ата-бабаларымыздың ұлан-байтақ жеріміз бен бірлік-берекеден айнымаған елдігімізді сақтау мен қалыптастыруға қосқан үлесінің маңыздылығын жете түсінуге негізделген.
Өнер • 21 Наурыз, 2024
Оюменен ой айтып, сүйгеніне көңілін кестемен жеткізген қазақ танымындағы киелі мағына жасырылған сан өрнектің құпиясы ілгерілеген кезеңдерге ілескенімен, ішке бүккен сырын жайып салуға асықпай келеді. Мың өрнекті дестелеген кесте өнерінің дәл қай дәуірде пайда болғаны белгісіз, бірақ тарихтың атасы Геродоттың дерегіне қарағанда, антикалық замандағы гректер мен римдіктерден де бұрын алтын жіппен зерленген өрнекті киім алғаш сақтардың жағасы мен өңірінен жалтылдап қылаң берген екен. Әр өрнегіне сыр тұнып, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан қолөнердің бұл түрі, рас, бүгінде әйелдердің ермегі болып есептеледі.
Қоғам • 21 Наурыз, 2024
Жаңа жыл дәміне қанша қаржы жұмсалады?
Наурыз мейрамында әр отбасы дастарқан мәзіріне ерекше мән беріп, әдеттегіден әрлі де дәмді еткісі келеді. Құрт пен майын, жент пен талқанын ерте бастан қамдайды. Әсіресе наурызкөжеге қосылатын жеті дәмге асқан ұқыптылықпен қарайды. Реті келсе, дастарқан ажарын ашатын қай өнімді де ертерек алып қоятыны бар. Осы орайда байтақ елімізде мерекелік дастарқанға қанша көлемде қаржы жұмсалатынын сарапқа салып көрген едік.
Қоғам • 21 Наурыз, 2024
Қарағандыдағы өзге этнос өкілдері де Ұлыстың ұлы күнін жатсынбайды, қуана қарсы алады. Наурызнаманың онкүндігі басталғалы бері көбі түрлі іс-шарада төбе көрсетіп жүр. Солардың қатарындағы Теміртау қаласы іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Наталья Арыстанова туралы ерекше айтуға болады. Қазаққа келін болып түскен Наталья бауырсақты да, наурызкөжені де енесі үйреткен мәзірімен өзі дайындайды.
Өнер • 21 Наурыз, 2024
Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны жасау – бұрынғылардан үзілмей жалғасып келе жатқан өнер. Домбыра жасаудың тәсілі бір болғанымен, әр шебердің жасау әдісі – әртүрлі. Ұлттық аспап жасаумен 30 жылға жуық айналысып келе жатқан белгілі шеберлердің бірі – Нұржан Ділманов. Өзі – шеберлер әулетінен шыққан қолөнерші. Бүгінде оның қолынан шыққан аспаптар еліміздің белгілі өнерпаздарының қолында күмбірлеп жүр.