Қоғам • 20 Наурыз, 2024
«Бауырсақ пісіруді нағашыларымнан үйрендім»
Эльдана Габермен – неміс қызы. Наурыз мейрамында оның шаңырағындағы дастарқан көл-көсір дәмге толады. Былқытып ет асып, қазанда бауырсақ пісіреді. Ерке Ертістің жағасында бойжетіп, тілі қазақша шыққан жан халқымыздың өнері мен руханиятына 15 жылдан аса уақыт қызмет атқарып келеді.
Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2024
Наурызнаманың Ұлттық спорт күніне орай еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара көпшілікке ұсынылды. Астана қаласындағы «Арғымақ» ат спорты сауықтыру кешенінде Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, елорда әкімдігінің қолдауымен ұлттық ойын түрлері – көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу және тоғызқұмалақ пен асық атудан арнайы сайыс өтті.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2024
Ақтөбеде қардың көбесі сөгілмей, қыстың сызы әлі кетпей жатыр. Соған қарамастан Наурыз мерекесін тұрғындар ерекше жылылықпен, ізгілікке толы істермен қарсы алуға кірісті.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2024
Әз Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы ел арасында түрлі дәлел-дәйек айтылып келе жатқаны мәлім. Ал қазығұрттықтар «Наурыз Қазығұрттан бастау алады» дегенге сенеді. Дәл осы тақырыпта ауданда Ұлыстың ұлы күніне арналған үлкен мерекелік іс-шара өтті.
Мереке • 20 Наурыз, 2024
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық музей ұжымы «Қоғамдық келісім» РММ-мен бірлесе отырып, «Наурыз – ел ұлықтаған ұлы күн» атты Наурыз мерекесіне орай кешенді іс-шара өткізді.