Қоғам • 18 Наурыз, 2017
Алтын үзік ақ орда Балқашта бой көтерді
Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында Балқашта 24 қанатты хан ордасы тігілді. Кешегі Доспанбет жарулардың «Еңсесі биік боз орда» дегені осы үйдей-ақ болар! Көшпелілердің ең қасиетті сәулетті құрылысын заман талабына сай «Алтын үзік» деп атап, алып киіз үйді жасақтаған «Қазақмыс Смэлтинг», диаметрі 11 метр, ал биіктігі 2 қабатты үймен тең 6 метрлік киіз үй. Тез жығылып, шапшаң тігіледі деуіміз өтірік болар, қолайлы құрама үйді кранның көмегімен тұрғызып, екі күн тіккен.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2017
Ширек ғасыр бойы шешілмеген түйін
Қордай ауданы Отар ауылдық округіне қарасты Гвардейск қалашығы көпке белгілі. Мұнда негізінен әскери қызметкерлер тұрады. Сондай-ақ, елдің талай тегеурінді азаматтары да осы жерде Отан алдындағы борышын өтеп, бүгінде мемлекеттің мызғымас беріктігі үшін қызмет етіп жүр.