Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб шешімі
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантин және төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның анықталу жағдайларының көбеюіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб, төтенше жағдайды жою басшысы былай деп ШЕШТІ:
Қазақстан • 27 Наурыз, 2020
Ақтоғай - әлемдегі ең ірі мыс кен орындарының бірі
Ақтоғай тау-кен байыту кешенінде өндіріс аясын кеңейту жобасы іске асырылып жатыр. Жоба Ақтоғай мыс кен орнының жұмыс істеп тұрған ашық кенішінен шикізатты қайта өңдеу көлемін 2 есе ұлғайту үшін қосымша байыту фабрикасын салуды көздейді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус • 27 Наурыз, 2020
Жамбыл облысында тіркелген үшінші науқас Қырғызстаннан келген
Жамбыл облысында тіркелген үшінші науқас 1996 жылы туған Қордай ауданының тұрғыны. Елімізге 24 наурыз күні Қырғызстаннан келген. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Елордадағы №1 автобус паркі карантинге жабылды
Мониторинг барысында №1 автобус паркінің қызметкері коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны анықталды. Қызметкерлер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автопарк карантинге жабылды. Автопарк пен автобустар дезинфекциядан өтті. Қызметкермен жақын қарым-қатынаста болғандардың бір бөлігі стационарға жатқызылса, ал қалғандары үй карантинінде. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус • 27 Наурыз, 2020
Зарарсыздандыру шаралары сақтала бермейді
Ақтөбе өңірі шетелден коронавирус жұқтырып келгендерді бақылау мен сақтандыру шараларын одан әрі күшейте түсті. Осыған байланысты тұрғындар саны жарты миллионнан асып түсетін облыс орталығы 23 секторға бөлініп, күрделі кезең талабына сай арнайы база жасақталды. Бұл жөнінде Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров айтып берді.