Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Қарағанды ҚХА жастары қоғамдық көлік жүргізушілеріне сақтық құралдарын таратты
Демалыс күндері «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы облыстық штабының өкілдері мен еріктілер Қарағанды қаласының тұрғындарына медициналық бетперделер тарату акциясын өткізді.
Елорда • 27 Наурыз, 2020
Дезинфекциялау шаралары жүргізілуде
Қазір оң көзге сол көз қарауыл болатын уақыт. «Сақ адам сандығын бекітеді» дегендей, індет күллі адамзатты тығырыққа қуып тыққанда көшеде бейжай, бейсауат жүрмей, үйден бастап қоғамдық орындарға дейін тазалық шараларын қатаң сақтаған ләзім. Себебі тазалық – саулық негізі. Ауру атанды да жығатынын ұмытпаған жөн.
Қоғам • 27 Наурыз, 2020
Жеті жұмыс күнінің ішінде шешіледі
Жаңа әлеуметтік төлем жасаудың ережесі Әділет министрлігінде ресми түрде тіркеліп, қолданысқа енгізілетін болады.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Алыпсатарлар адамдықтан аттамаса игі
«Сақтансаң – сақтайды» деген сөз бар. Әркім өзінің жақындарының амандығы үшін жан ұшырады. Ұл-қызының саулығын тілейді. Әдетте 30-40 теңгеге саудаланатын медициналық бетперделердің төрт-бес есеге шарықтап кетуінің себебі неде? Әлбетте бұл – ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып, қаржыға қарық болсам деген алыпсатарлардың арзан пиғылы. Ел басына сын сағат төнгенде біреудің қайғысынан пайда іздеген пақырлар «бұл да сауда» дейтін шығар, бәлкім!? Қашанда адам баласын ізгілікке бейілдендіретін асыл дініміз де бұл істі құптамайды.
Абай • 27 Наурыз, 2020
Абай хакімнің өлмес өлеңдері Алашты асып, Түркия төрінде салтанат құруда. Ақын мерейтойын елімізден бөлек түркітектес халықтардың көбі атап өтіп жатыр. Мерейтойға тарту ретінде Түркияның опера әншісі Айбен Ерсой ұлы ойшылдың әнін әуелетіп, тіпті бейнебаян да түсірді. Бұл туралы газетіміздің сайтында алғаш жариялап, оқырмандарымызға Ұлыстың ұлы күні қарсаңында сүйіншілеген болатынбыз. Кейін ҚазАқпарат тілшісі, әріптесіміз Айжан Серікқызы әншімен сұхбаттасып та үлгерген екен.