Қоғам • 27 Наурыз, 2020
Ауылдық әкімдіктер маманға зәру
Қостанай облысына қарасты ауылдық әкімдіктерде 100-ге таяу жұмыс орны бос тұр. Жергілікті өзін өзі басқару жүйесіне көшкелі ауылдық мекендерде сауатты заңгер, экономистер қат. Мұндай мамандықтар бойынша дипломы бар жастар ауылға баруға құлықсыз. Өйткені ауылдық әкімдікте оларға жүктелетін міндет көп, жалақы төмен. Мәселен, жұмысқа жаңа тұрған жас маман бір жылға дейін 60 мың теңгеге жетер-жетпес еңбекақы алады. 3-4 айдан соң, жұмысын тастап басқа салаға кетіп қалатындар да көп.
Қоғам • 27 Наурыз, 2020
Қорғаныш киіммен еңбек ету оңай емес
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласына шетелден келген отандастарымыздың арасында вирус жұқтыру ықтималдылығы жоғары және тапсырған сынамаларында вирус барлығы анықталған жандардың бірқатары елордадағы Көпсалалы медициналық орталық дәрігерлерінің үздіксіз бақылауында стационарда жатыр.
Коронавирус • 27 Наурыз, 2020
COVID-19: бір адам қайтыс болды
Өкінішке қарай, кеше коронавирус індетінен бір адам қайтыс болды. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте осы ауыр қаза туралы хабарлаған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұл жағдай індеттің қауіптілігін және шектеу шараларының қаншалықты маңыздылығын көрсететінін атап айтты.
Парламент • 27 Наурыз, 2020
Митинг туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында депутаттар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Экономика • 27 Наурыз, 2020
Түркістан облысындағы шалғай аудан саналатын Созақта өткен жылы магистральды газ құбырының құрылысы басталған болатын. Биылға құрылыс жұмыстарына 2,6 млрд теңге қаралған. Бүгінде магистральды газ құбыры мен автоматты газ тарату стансасының құрылысы өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Сондай-ақ Шолаққорған аулының ішкі газ жүйелерін бастау үшін облыстық бюджеттен 100 млн теңге қаржы бөлінетін болады.