Пікір • 19 Наурыз, 2024
Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы еліміздің шын мәнінде бабалар жолын ұстанып, «кеңесшіл ел кемдік көрмес» деген ұлағатын ұмытпағанын айғақтап берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдігімізді нығайтып, бірлігімізді бекемдеп, халқымыздың сана-сезімі мен құндылықтарымызды түбегейлі жаңартып, жаңғырту арқылы ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыру туралы ойлары мен идеясы көңілден шықты.
Мереке • 19 Наурыз, 2024
Көне тарихымызға үңілсек, 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні һәм төл Жаңа жылымыз екеніне көз жеткіземіз. Алайда коммунистік идеологияны ту етіп ұстанған кеңес өкіметі Наурыз мейрамын «діни мейрам» деп санап, оған 1926 жылы ресми түрде тыйым салған болатын. Бірақ ата салт-дәстүріне берік халқымыз Ұлыстың ұлы күнін ешқашан жадынан шығармай, әсіресе ауылды жердегі ағайын көрші-қолаңын қонаққа шақырып, наурызкөжеден дәм татқызып, ұлық мерекені атаусыз қалдырмауға тырысқан.
Қоғам • 19 Наурыз, 2024
«Ұлы дала дәмі» ұлттық жобасы наурыз мерекесіне орай балалар үйіне, көпбалалы және ерекше баласы бар отбасыларға ұлттық дәм мен тағамдарға толы «тарту» табыстап, еңбек адамдары мен ұлт зиялыларына «сыбаға» таратты.
Өндіріс • 19 Наурыз, 2024
Қостанай қаласындағы «Allur» зауытында «Chevrolet Оnix» автомобильдерін шығаратын жаңа CKD кешені іске қосылды. Жаңа кешенді іске қосу рәсіміне Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, «General Motors» және «UzAuto» компаниялары топ-менеджерлері қатысты.
Сұхбат • 19 Наурыз, 2024
Транзиттік әлеуетіміз арта түседі
Жақында Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті шетелге және кері қарай автокөлікпен жүк таситын компанияларға берілетін шетелдік рұқсат құжатты таратудың жаңа жүйесін жасап, ел назарына ұсынды. Бұл туралы комитет төрағасы Алтай Әлімен аз-кем сұхбат құрдық.