Мереке • 22 Наурыз, 2023
Егемендікке барар жолдың іргетасын қалаған еркіндік аңсары, дәстүрдің жаңғыруы – Наурыз мерекесі мен Наурызнама қазақ даласында әнмен басталады. «Базарың құтты болсын, ардақты елім!» деп атақты жәрмеңкенің өзін әнмен ашқан қазақ жер дүниені жаңартып жыл келіп жатқанда аспандатып әнге баспай қалсын ба? Мінген ат, жүгірткен тазы, салған қыран құсын былай қойғанда, «Қымыз құйғышы», қойшысына дейін түгендеп, рет-ретімен тұрмыс-тіршілігіне етене кез келген құбылысты әнге қосқан өнер иелері жыл басы деп жар салғанда қандай?!
Мереке • 22 Наурыз, 2023
Қыс көрпесін серпіп, күнжүзді шуағымен келген наурыз айы жанға қуат сеуіп, тіршілікке тыныс берері айқын. Кісінің жас шағындай жайраңдаған мезгілде жер масаты көйлегін жамылып, ағаштар гүлін тағынады. Жаратушының шеберлігі әр тұстан көрініп, көңілде шаттық пен ерке наз ойнайды.
Таным • 22 Наурыз, 2023
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі: геометриялық құпиялар
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ерекшелігі сол, ғимарат күмбездері мен порталдары кірпіштен салынған. Бұл – Орталық Азиядағы ең үлкен ғимарат. Ол заманда күмбезді ғимарат салу – ғалам құбылысындағы биік деңгей. Әмір Темір құрылыс барысында осы күмбездің көлемі мен кесененің сыртқы түріне ерекше мән берген. Бұл ғимараттың композициялық ауқымдылығы, пропорциялық өлшемнің дәлдігі, құрылымдық шешімінің ұтқырлығы, өте бай безендірілуі Орталық Азия сәулет өнерінің дамығанын көрсетеді. Сонымен қатар бұрынғы қараханидтер дәуірінде сәулет-құрылыстың сабақтастығын аңғартады.
Руханият • 22 Наурыз, 2023
Төлеген Асанбаев, белгілі жылқытанушы: Қазақ жылқының тұяғына қарыздар
Жылқыға мінсек айбарланып, айдарымыздан жел есіп шыға келетін халықпыз. Өр мінезімізді кейде осы бір пырақты жануарға теліп, ұлттық болмысымызды да содан іздейтініміз ақиқат. Бұл құдірет – қазақтың қанына сіңген құндылық. Ат тұяғымен сақталып қалған Ұлы дала төсінде жылқы малын көбейту, оның өнімділігін арттыруға біздің ғалымдар қандай жоба-жоспарлар дайындап отыр? Бұл іске мемлекеттің қызығушылығы бар ма? С.Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, белгілі жылқытанушы Төлеген Асанбаевпен осы тақырыпта әңгіме өрбіттік.
Қоғам • 22 Наурыз, 2023
Курортты аймаққа бару жеңілдейді: Енді астаналықтарды Алакөлге «Тальго» апарады
Шығыс Қазақстан облысы туристерді өңірге тарту жағынан республика бойынша бесінші орында келеді. Ұлттық статистика бюросы таратқан ресми дерекке сүйенсек, 2022 жылдың алғашқы үш тоқсанында аталған облысқа 260 000 саяхатшы табан тіреген. Оның ішінде 200 мыңнан аса турист Алакөл курортты аймағына барған екен.