Таным • 22 Наурыз, 2023

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі: геометриялық құпиялар

1198 рет
көрсетілді
21 мин
оқу үшін

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ерекшелігі сол, ғимарат күмбездері мен портал­да­ры кірпіштен салынған. Бұл – Орталық Азиядағы ең үлкен ғимарат. Ол заман­да­ күмбезді ғимарат салу – ғалам құбылысындағы биік деңгей. Әмір Темір құрылыс барысында осы күмбездің көлемі мен кесененің сыртқы түріне ерекше мән берген. Бұл­ ғимараттың композициялық ауқымдылығы, пропорциялық өлшемнің дәл­дігі, құрылымдық шешімінің ұтқырлығы, өте бай безендірілуі Орталық Азия­ сәулет өнерінің дамығанын көрсетеді. Сонымен қатар бұрынғы қара­ханидтер дәуірінде сәулет-құрылыстың сабақтастығын аңғартады.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі: геометриялық құпиялар

Әдебиеттерді зерттеу барысында Әмір­­ Темірдің алғашқы ұсынған өлшемі ке­се­ненің үлкен күмбезінің диаметрін 30 гяз­ға­ тең етіп алғаны анықталды. Қа­зір­гі­ кез­дегі бұл ұзындық өлшем бірлігі бо­йын­ша 1 гяз 60,6 см-ге тең. Сон­дық­тан осы күнгі кесененің үлкен күм­бе­зі­нің­ диаметрі 18,18 метрге тең (1-сурет).­ Бұл­ Әмір Темірдің жоспары бойынша дін­­ді насихаттау мақсатында Құран Кә­рі­м­­­нің сүрелеріне негізде жасалған. Бұ­­ған дәлел ретінде Құран Кәрімнің 30-сүресі «Рұм», яғни римдіктерді жеңу­ құрметіне арнаған сүрені айтуға бола­ды.

Қазіргі кезде бұл үлкен күмбез ас­тын­да қоладан жасалған Тайқазан тұр.­ Осы дәлізді «Қазандық залы» деп атай­ды. Бұл – кесененің жеті тәуелсіз орна­лас­қан бөліктерін біріктіріп тұрған күм­без. Әмір Темірдің ғимаратты жеті бө­лікке бөлу себебін Құран Кәрімнің сүре­лерінен іздеп көрсек, 7-сүресі «Ағрафқа» (аудар­масы «Биік тосқауылдар») барып тіреледі. Себебі бұл сүренің бірінші ая­тында былай деген «(Мұхаммед (с.ғ.с.) бұл­ саған түсірілген бір кітап, сондықтан кір­біңділік болмасын. Бұл арқылы ескертумен мүміндерге үгіт үшін». Міне, осы аят­ арқылы Құран Кәрімнің адам баласы­на Алла Тағала түсірген Киелі кітап­ екенін ескерткен. Сонымен қатар осы­ сүренің 7-аятында былай дейді: «Ол күн­гі таразылау шындық, сонда кімнің тара­зысы (жақсылықта) ауыр тартса, міне­ солар құтылушылар», яғни бұл аят бо­йынша мұсылмандарға жақсылықты кө­бірек жасау керегін айта келе, 45-аятта­ бы­лай дейді: «(Ұжмақтағылар мен то­зақ­­тағылардың) арасында далда бар. Және «Ағраф» делінген жоғары орында­ екі жақтағыларды да әлпеттерінен тани­тын біреулер бар. ... Бұлар әлі жән­­натқа кірмеген, үміт ететіндер», яғни­ мұсылмандарды іс әрекеттері арқы­лы жәннатқа баруға шақыру. Зерт­теу­ барысында негізгі жеті бөлікке бө­лу мақсатын қарастыра отырып, мұсыл­мандардың жәннатқа бару үшін Раб­бы­мыз әр заманда жеті пайғамбарды жі­бе­ріп, түзу жолға салу болғанын анық­тадық. Сонымен бірге 7-сүренің кесе­неге негіз болу себебі Алла Тағала жер­ге әр кездерде жеті пайғамбар жі­бе­ріп, адамзатты әр түрлі қияметтен құт­қа­рып отырған. Сондықтан осы жеті бө­лікке негізделген Нұх, Һұд, Салих, Лұт,­ Шұғайып, Мұса, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарлар себепкер болуы мүм­кін.Сонымен қатар бұл сүре кесе­неге келген адамдарды Ақырет аза­бынан қорғайды. Жеті бөлік сол­ кездегі құрылыста пайдаланылған бір­қатар жаңашыл сәулет-құрылыс ше­шім­дерінің бірі болған. Себебі жетеуі жеке бөлік ретінде, жалпы, ғимараттың шөгуі мен жер­ сілкінісі кезінде құлаудан сақтаған. Бұл­ – бөліктердің астыңғы жағында қазір­гі­ заманауи салынған іргетасы жоқ, дефор­ма­циялық тігіс бар ғимарат.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кіші күм­­безі бұрыштардағы төрт сәулелі жел­кен­дер­ге сүйеніп жасалған. Осы негіз­дің­­ үс­ті­не диаметрі 10 метр (17 гязға тең)­ бо­ла­тын цилиндр тұрғызылған. Ци­линдрдің үстіне 52 қабырғалы (қыр­дан) тұратын күмбез салынған. Бұл күм­бездің жалпы биіктігі 21 метрге (34 гяз)­ тең.

Сонымен диаметрі 17 гязға тең екін­ші күм­без Құранның «әл-Исра» сүре­сі, аудар­масы «Түнгі сапар» деп­ аталады. Осы сүренің 1-аятында «Құ­лын­­ ­(Мұхаммед (с.ғ.с.) бір түні өзіне бел­­гі­лерімізді көрсету үшін Месжід Ха­ра­м­нан біз айналасын мүбәрак қыл­ған­­ Месжід Ақсаға апарған Алла, әртүр­­лі­ кемшіліктен пәк, Шексіз Ол, Ес­туші, Білуші (Мұхаммед с.ғ.с. бір тү­ні Жебрейіл ғ.с. арқылы Бұраққа мін­гі­­­­з­і­ліп,­ Месжід Харамнан Месжід Ақ­са­ға­ апарылып, ол арадан да көкке шы­ға­рылып, бір демде адам баласының өл­­шеулі сезімінен тыс дәрежеге ие бо­лып қайтқан «Миғраж» уақиғасы). Ал осы сүренің жетпіс тоғызыншы аятын­да­ былай дейді: «(Мұхаммед (с.ғ.с.) Түн­нен­ оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы.­ Раббыңның сені бір мақтаулы орын­ға жеткізуінен үміт етіледі (Бұл зор­ шапағат орны)». Сонымен қатар 105-аятта: «Біз Құранды шындықпен түсір­дік. Ол шындық бойынша түсті. (Мұхам­мед (с.ғ.с.) сені қуанту, ескерту үшін ғана жібердік». 

Міне, осы өлшем кесененің барлық гео­­метриялық өлшемдерін Құран Кәрім­ сүрелерімен зерттеуге жол ашты. Кесе­не­нің­ негізгі күмбезінің биіктігі қазіргі кезде 44 метрге тең екен, мұны сол кездегі өл­шем бір­лі­гіне айналдырғанда 72 гязға тең­ бола­ды. Кейбір зерттеушілердің ай­туынша, күмбез әлдеқайда биік бо­луы керек еді. Құран Кәрім бойынша­ 72-сүре «Жын» деп аталады. Бұл сүре­нің басында (Мұхаммед (с.ғ.с.) Меккемен Тәйіптің арасындағы Нахла де­ге­н жерде сахабалармен бірге таң намазын өтегенде, жындар тыңдаған), яғни бұл кесенеге келгендерді Алла Таға­­ла «Жын-шайтандардың кесірінен, көз­ тиюден сақтайды» деген мағына шы­ғар.­ Осы сүренің он алтыншы аятында «(Егер жындар мен адамдар,) ол жолда­ тұп-тура жүрсе, әрине, оларға мол су нә­сіп етеміз», яғни он үшінші аятта «Р­­асында осы тура жолды естіп, Оған сен­дік. Кім Раббына иман келтірсе, сон­да ол, кемшіліктен де, зияннан да қорық­пайды», осылай Әмір Темір билеу­ші кесенеге келгендерді Алла Тағала кемшіліктер мен жындардың кесірлерінен сақтайды деп шақырғысы келген болар деп түйеміз.

Кесененің бірінші қабат жоспарында кесенеге кіреберіс порталы (ойықшасы) көрсетілген, оның ұзындығы 20 метр­ге­ тең. Бұл Әмір Темірдің кезіндегі өлшем бойынша 33 гязға тең, яғни Құран Кәрім бойынша «Ахзап» сүресі (Біріккен күштер). Осы сүре­нің бірінші аятында «Әй, нәби! Алла­ға тақуалық істе де, кәпірлер мен мүнафықтарға бағынба. Рас, Алла тым­ білуші, аса дана», яғни кесенеге кір­ген­­де кәпірлерден қорықпай Аллаға тақуа­лық жаса деп мұсылмандарды кесе­неге шақырады. Сүренің отыз бірін­ші­ аятында «Сендерден кім Аллаға, Пайғам­ба­рына бой ұсынып, ізгі іс істесе, оған да­ екі есе сыйлық береміз. Сондай-ақ оған­ мол нәсібе береміз» деп адамдарды кесе­неге шақырып, Аллаға құлшылық жаса­са, байлықтарын екі есе көбейтуге шақы­рады. Ал 73-аятында осы сүрені 41 рет оқыған адамның табысы­ мол­ әрі берекетті болады дейді. Осы негіз­гі порталдың биіктігі – 37,5 метр, ал­ ескі өлшем бойынша бұл 62 гязға тең, яғни­ бұл Құран Кәрімнің 62-сүре­сі «Жұма», осы сүренің он бірінші аятында «Араздасқан адамдарға оқылса, татуласады» деген мағына береді. Бұл сүреден Әмір Темірдің адамдарды жұмада кесе­неге шақыру арқылы татуластыруды мақсат еткен сияқты.

Кесененің 35-тен астам бөлмесі бар. 12 бөлмесі бірінші қабатта орналасқан. Осы­ған орай Құран Кәрімдегі 12-сүрені зерттеуге тура келді. Бұл сүренің аты­ – «Жүсіп». Сүренің басы «Ұғымын Алла­ біледі. Бұлар ап-айқын Құранның аят­тары» деп басталса, сүренің үшінші ая­тында «(Мұхаммед (с.ғ.с.) саған бұл­ Құранды уахи етуімізбен өзіңе қис­са­лардың ең жақсысын баян етеміз. Негі­зінде сен бұдан бұрын, әрине, хабар­сыз­ едің)» деп жамағатты Құранды оқу­ға­­ шақырған. Ал төртінші аятта (Сол­ уа­қыт­та Жүсіп пайғамбар әкесіне: «Әке­та­йым! Рас мен түсімде он бір жұл­дыз­ және күн мен айды, маған сәжде қыл­ға­нын көрдім» деді) сол заманда біз­дің күн жүйесінде он екі планета барын­ білдірген. Олардың қатарына бізге бел­гілі планеталар: Нептун, Юпитер, Са­турн, Уран, Марс, Шолпан, Меркурий, Жер­ және кейіннен ашылған ергежейлі пла­не­­талар: Церера, Хаумеа, Макемаке мен­ Эрида кіреді.

Ал енді Қожа Ахмет Ясауи кесе­не­сі­­нің, артқы ені 45,360 метр болса, алдынан қарағандағы ені 48,860 метрді құрайды. Ғимараттың жалпы ұзындығы 62,600 метр төрт­бұрыштан тұрады. Бұл­ геометриялық өлшемдерді 0,606 өлшем­ге­ ­­көбейтсек, жалпы ені шамамен 29 гяз­ға, ал ұзындығы 37 гязға тең.­ Бұл Құран Кәрімнің 27-сүресі «ән-Нәмл»-ге сәйкес келеді. Аудар­­­масы «Құмырсқалар» деп атала­ды.­ Осы сүренің 93-аятында былай дейді: «Үнемі оқып жүрген жанды Алла Тағала түр­лі бәлелер мен сиқырдан қорғайды». Ал Құран Кәрімнің 29-сүресі «әл-Анкәбут» (Өрмекші) деп аталады. Алпыс тоғызыншы аятында: «Ұмытшақтықты кетіру үшін осы сүрені жазып, суға салып ішу керек».

Ғимараттың ұзындығы сәйкес келетін Құран Кәрімнің 37-сүресі «Саффат» (Сапқа тізілгендер). Осы сүренің 182-аятында былай деген: «Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы, Аллаға лайық». Әмір Темір осы аятты жеті рет оқыған адамның ризығы артатынын біліп, кесенеге шақырған секілді.

Ғимараттың бас қасбеті оңтүстік-шығысқа, ал бүйір қасбеттері оңтүстік батыс пен солтүстік-шығысқа қарайтын етіп салынған. Бас қасбет негізгі портал мен екі мұнарадан, кіреберіс үш есіктен және үлкен аркадан тұрады. Бұл айтылғандар заманауи сызылған бірінші қабат жоспарында көрсетілген. Жоспарды сызуға бірнеше себептер болды. Біріншіден, осындай киелі орынның осы күнге дейін заманауи жоспарының болмауы, екіншіден, бұл ғимарат XIV ғасырда салынса да қазіргі заман талабына сай жасалған.

Бас порталдың екі жағындағы ғимараттың екі үлкен мұнарасы бар. Бұл мұнараның астыңғы жағы сегіз жақты тік призмадан тұрады. Тік призманың жақтарының ені 3,0 метр (Құран Кәрім бойынша 5-сүре «әл-Мәида» деп аталады, мағынасы «Асқа толы дастарқан». 40 рет оқыған жанға Алла Тағала мол ризық, несібе нәсіп етеді), ал мұнараның биіктігі ғимараттың қабырға биіктігімен тең. Мұнараның қалған биіктігі дөңгелек тік цилиндрден тұрады. Сонымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас порталға симметрия болып орналасқан екі мұнараның жалпы биіктігі шамамен 30,56 метрге (50-ші «Қаф» сүресі, әр жұма кешінде 3 рет оқыған жанның жанары нұрланады) тең. Мұнараның төменгі сегіз жақты тік призманың бес жағы ғана көрініп тұр, өкінішке қарай, мұнараның бұл бөліктері безендірілмей қалған.

Бас порталдың ұзындығы 18,18 метр­ (яғни 30-сүре), ал ені шамамен­ 12,70 метрге тең (21-сүресі «әл-Әнбия»­  «Пайғамбарлар» деп аталады. Ұрпа­ғы­нан­ тақуа жандардың шығуын қалаған адам­ осы сүрені оқығаны абзал) және биік­тігі 43,43 метр (72-сүре­сі «әл-Жин» яки «Жын»). Бас порталдың ішін­де­­ кіре­беріс порталы бар. Оның ұзын­ды­ғы 7,30 (12-сүресі «Жүсіп». Бұл сүре­ні үнемі оқып жүрген адамның айна­ла­сын­дағы адамдармен қарым-қатынасы жақ­сарады), ені 3,60­ ­(6-сүре «әл-Әнам» ау­дармасы «Шаруа мал­­дары». Бұл сү­ре­ні 41 рет оқыған адам­­ның тоқтап тұр­ған­ ісі алға басады), ал­ биіктігі 13,65 метр­ге (22-сүре «әл-Хаж»,­­ аудармасы «Қа­жы­лық».­ Үнемі бұл сүре­ні­­­ оқып жүрген жан­ның өлімі жеңіл болады) тең.

Оң жақтағы бүйір қасбеті солтүстік шығысқа қарай бағытталған. Бұл бүйір қасбет төртбұрыштан тұрады. Қасбетте бір кіреберіс есік пен өлшемі 5,68х3,85 метр, яғни 9х6, ал биіктігі 11,00 метрге (Құран Кәрімнің 18-сүресі «әл-Кәһф» , аудармасы «Үңгір» деп аталады. Жұма күні бір рет оқыса, келесі жұмаға дейін барлық бәледен және ақырет фитнасынан аман болады) тең портал бар.

рпар

Бұдан бөлек, ғимараттың ірге­та­сы­­ның биіктігі 2,21 метрге тең (Құран Кәрі­м­нің 3-сүресі «Әли Имран», аудар­масы «Имран отбасы». Бұл сүре­ні қарасақ, Алла ол пендесіне күт­пе­ген­ жерден байлық нәсіп етеді) биік­тік­те­ орналасқан геометриялық фигу­­ра­лар­дан­ тұратын іргетас мозайка­сы­ мен 2,50 метр (бұл 4-сүре, атауы «ан-Ниса», «Әйелдер» деген мағынаны бе­реді. Отбасында бірлік пен татулықты арттырады) араб қаріптерінен жазылған басқұр бар. Қасбеттің қабырғасы қара көк кірпіштен өрілген екі ромб тәрізді сегіз қырлы геометриялық элементтің горизонталь және вертикаль екі қатар пазл тәрізді мозайкадан тұрады. Осындай қара көк 45 төртбұрышты кішірек кірпіш бар. Осы геометриялық элементтердің ішіне ашық көк кірпіштен куфа қаріпімен өріліп жазылған «Алла», «Мұхаммед», «О, Жарылқаушы», «Билік Аллада», «Алла – менің әміршім» деген сөздер бар.

Ғимараттың сол жақ бүйір қасбеті оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Бұл­ оң жақтағы бүйір қасбет сияқты төрт­ бұрыштан тұрады. Қасбеттің ірге­тас­ пен басқұры және кіреберіс есігі бар.­ Қабырғада қара көк кірпіштен өріл­ген­ көлбеу орналасқан он екі қырлы ай­қыш (бүгінгі қосу таңбасы) тәріздес гео­метриялық элементтен екі қатарлы бо­лып келеді. Егер бұл айқыштың контурасын сызық ретінде қарасақ, онда крест­ тәрізді көпбұрыштың қырлары свас­ти­каны береді. Одан бөлек, крест тәріз­дес көпбұрыштың ішінде қара көк кір­пішпен қанаты бар свас­тика өріл­­ген.­­­ Ал осы геометриялық эле­мен­ті­нің іші­­­не ашық көк кірпіштен куфа қарі­пі­­­­мен­ өріліп, «Алла», «Мұхаммед», «О, Жарыл­қаушы», «Билік Аллада», «Алла – менің әміршім» деген сөздер жазыл­ған.

Ғимараттың артқы жағынан қараған аулалық қасбет солтүстік-батысқа қарап салынған. Аулалық қасбеттің ортасында ғимараттан шығып тұрған портал бар. Порталдың ұзындығы 6,50 метр (10-сүресі «Жүніс», «Жүніс пайғамбар». 21 рет оқитын болса, Алла Тағала дұшпандардың жамандығынан сақтайды), ені 3,23 метр (5-сүресі «әл-Мәида», «Асқа толы дастарқан». 40 рет оқыған жанға Алла Тағала мол ризық, несібе нәсіп етеді), ал биіктігі 10,00 метр­ге (16-сүресі «ан-Нахл», «Аралар». Бұл­ сүрені 100 рет оқыған адам ізгі мақ­сат­тарына қол жеткізеді) тең және бес есіктен тұрады.

Аулалық қасбет екі жағында көп бұ­рышты геометриялық элементтер­ден жасал­ған іргетас пен араб қаріпімен жазыл­ған басқұрдан тұрады. Шығып тұр­ған портал Аулалық қасбеттің қабыр­ға­сын сол жақ пен оң жаққа бөліп тұр. Осы­ порталдың ішкі жағындағы есіктің екі жағында орналасқан он екі өзара бүйірлері тең жиырма төртбұрыштан тұратын геометриялық фигура бар. Артқы порталдың іргетасы ғимараттың үш жағындағы іргетастардың мозайкасынан ерекше. Порталдың кіреберіс есігінің екі жағында он екі сегіз бұрыштан тұратын геометриялық фигура бар. Ал бүйір қабырғаларында симметриялы орналасқан жиырма­ сегіз бұрыштың іші оюлармен безен­ді­рілген геометриялық фигура бар. Құран Кәрімде 8-сүрені «әл-Әнфал» деп атайды, қазақшаға аударғанда «Соғыс олжалары» деген мағына бе­ре­ді. Осы сүренің 2-аятында былай делінген: «Сөзсіз мүміндер, Алла еске алынса, жүректері қобалжиды да, оларға Алланың аяттары оқылса, сенімдері артылып, Раббыларына тәуекел қылады».

Іргетастағы мозайканың гео­мет­­­­­рия­лық сызбаларын қарас­ты­ра­­тын болса,­ алдымен тең бү­йір­лі төрт­бұрышты ал­ған. Осы төрт­бұ­рыш­тың қарама-қар­сы бұрыштарын өза­ра­­ қосып, төрт­бұрыштың ортасы­ анық­тал­ған. Бұл төрт­бұрыштың орта­сы арқы­лы төрт доға­ жүргізіп, төрт­бұрыш­тың жақтарын үшке­ бөлген. Ал осы тең бүйірлі төрт бұрыш­тың ішін­ тең сегіз бұрышқа және төрт алты­ бұрышқа, он екі төрт бұрышқа бөл­­ген. Бұл алты бұрыштардың төрт бұры­­­шының арасындағы бұрыштық шама­­ 720 градусқа тең болады. Осы алты­ бұрыш­тың­ бір бөлігін екіге бө­ліп,­­ 720 градус ал­ған, яғни Құран Кә­рім­­­нің 72-сүре­сі (Жын) болады.

Тапқан алтыбұрыштарды жинап, өзара тең қабырғалы сегіз бұрышты – геометриялық фигураны алған. Бір қызығы, сегізбұрыштың төрт бұрышы 720 градус бұрыштардан тұрса, тұмарға ұқсайтын төрт бұрыштардың қарама бұрышты екіге бөлсек 720 градус болады.

апр

Сонымен Қожа Ахмет Ясауи кесе­не­сін сал­ған­­ ұсталар ғимараттың көз­ге түсетін өл­­шем­­дерді Құран Кәрім­нің сүрелері мен гео­­мет­риялық фигура­ларға негіз­деліп сал­ғаны анықталды. Ғима­рат­тың хал­қы­мыз­дың киіз үй сияқты оңтүс­тік­-шы­ғысқа қара­тып салу да керемет бай­­­ланыс екен­дігін көрсетеді. Бас қас­бет­те­гі­­ мұнаралардың жартысы тік сегіз жақ­­ты призма болса, қалған екінші бөлі­­гі тік дөңгелек цилиндр. Ал бүйір қа­бырғаларында сегізбұрыштар мен он екі­ бұрыштары бар. Бұл геометриялық фи­гуралардың ішіне Құран Кәрімнен сүре­лер­ жазылған. Геометриялық фигуралды салу­да өте дәлдікпен кірпіштерді көлбеу және тік өру арқасында сал­ған.

Кесененің аулалық қасбеті гео­мет­­­­риялық фигуралардан, яғни тең төрт­­­­бұрыштар мен алтыбұрыштардан және­­ сегіз­бұрыштар, он екі бұрыш­тар­­дан­ тұра­ды. Порталдың іргетас мо­зай­­касы ге­о­метриядағы шеңбер­лер­ді тең­ бөлу тақы­рыбына сәйкес ке­леді. Ғи­­мараттың негізгі бөлігі ір­ге­­­­таста гео­метриялық фигураларды са­лу­ жол­дары көп. Бұдан кесенені сал­ған­ ұста­лардың геометрияның заң­ды­лық­­­тарын жетік білуі және геомет­рия­­ ғы­лымының құдіретін Құран Кә­­рім сүре­лерімен байланыстырғаны анық­­ көрінеді. Өкінішке қарай, кесе­не­нің құрылысы 1405 жылы тоқ­тап қа­ла­ды,­ себебі Әмір Темір Қы­тай­ға­ жо­рық­ жасар алдында Отырар қала­сын­­­­да қайтыс болады.

Кезінде Әмір Темір осы кесенеге қатысты көрегендікпен өсиет жазып қалдырыпты. Онда: «Ешқашан да, қан­дай жағ­дайда да сатуға, жекеменшік се­кіл­ді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша не­ме­се түбегейлі біреуге беруге бол­майды» деп қатты ескертілген. Соны­мен­ қатар ғимараттың кіреберіс есі­гі­нің ішкі маңдайшасындағы: «Бұл әу­лие мекен Алла Тағаланың рахы­мы жауған падиша Әмір Темір көрегеннің жарлығымен орнатылды. Алла Тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!» деген жазу да көп сырды аңғартады.

 

Әуез БАЙДАБЕКОВ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнің кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессорф