Үміт • 21 Наурыз, 2023
Жердің тоңы жібігенде, елдің өңін жылыттық...
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлан-асыр мерекелік шаралармен қатар, сауабы мол сан алуан қайырымды істердің көрініс беріп жатқаны көңіл қуантады. Халқымыздың көнеден үзілмеген озық дәстүрін, қанға сіңді қасиетін жаңғыртып жүрген қайырымды жандардың қатарында ірі кәсіпкерлер, мемлекеттік мекеме ұжымдары мен табысты спортшылар, тіпті, күнделікті қол еңбегімен нәпақа тауып жүрген қарапайым жандар да бар.
Отбасы • 21 Наурыз, 2023
Бес баланы бауырына басқан ана
Қазақтың әрбір қанатты сөзінен бір даналық табасыз. Не сөйлесе де өмірде түйгенін, жақсы мен жаманның парқын білгендіктен айтқан. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген әдемі бір нақыл бар. Халқымыз ежелден бұл өсиетке адал болды. «Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған» ел болғанымыз тарихта қалып, әлі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай келеді. Рас, өткен мен бүгінгі күн салыстыруға келмейді. Қазақтың басынан өткен қилы-қилы тағдырлар, қала берді жаңа ғасырдағы жаһандану үдерісі ұлтымыздың дархан көңіліне көлеңкесін түсірмей қоймады. Дегенмен қоғамда әлі де пейілі кең, жомарт жүректі жандар баршылық. Жетімдерді панасына алып, бар жақсылығын аямайтын мейірбанды кісілер міне солар. Бірақ олардың көпшілігі өзінің сауапты ісін жария етуді қаламайды.
Қоғам • 21 Наурыз, 2023
Тіршілікке жан бітіп, Жер-ана бусанған шақта келетін Наурыз мейрамында Президент Іс басқармасының ұжымы елордадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қариялармен амандасып, көңілін аулады.
Өнер • 21 Наурыз, 2023
Кейінгі жылдары отандық сән әлемі ұлттық нақышта дамып келеді. Сән үйлері қазақы киім үлгілерінің түр-түрін заманға сай икемдеп, отбасы мүшелеріне арналған жаңа дизайнмен тәнті етуде.
Қоғам • 21 Наурыз, 2023
Жаңа күннен жаңа жыл басталар сәтте Керекуден керемет жаңалық келіп жетті. Онда «әз Наурыз мейрамы қарсаңында қаланың «Қазақстан электролиз зауытының» металлургтері баспаналы болды», делінген. ERG-дің тұрғын үй бағдарламасын сәтті жүзеге асырудың арқасында зауыт басшылығы мамандарға осындай керемет тосынсый жасапты. Ұлыстың ұлы күнімен ілесе келген қуаныштарыңыз құтты болсын!