Қоғам • 18 Наурыз, 2024
Елордада игі істер марафоны жалғасын тапты. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қайырымдылық акциясын өткізді. Қоғам жанашырлары коммуналдық қызметкерлерге бауырсақ пен ыстық шай үлестірді. Бұған қоса Рамазан айы мен Наурыз мерекесіне орай көмекке мұқтаж тұрғындарға азық-түлік себетін таратты.
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының ең маңызды он бағытының ішінде тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бар. Әсіресе онда жас мамандарды жан-жақты қолдауға қатысты да мәселе көтерілген. Күні кеше Ұлыс күніне орай жас медицина мамандарына Бұқар жырау ауданының Доскей аулынан 40 пәтердің кілті берілуі – сөзімізге дәлел.
Отбасы • 18 Наурыз, 2024
Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы «Шаңырақ күні» облыс орталығы мен әр ауданда аталып өтті. Осы күні жастардың неке қию салтанаты өткізіліп, көпке сыйлы ақсақалдар бата берді. Бас қосқандарына жарты ғасыр болған отбасылар үшін «Алтын шаңырақ», 25 жыл отасқандар арасында «Күміс кереге» байқаулары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Дүние есігін ашқан сәбилердің анасына «Наурыз-базарлық» естелік сыйлықтары берілді.
Салық • 18 Наурыз, 2024
«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қатысушылары өткен жылдың соңына қарай ел бюджетіне 85,2 млрд теңге шамасында салық төлеген. Биыл қаңтар айында төленген салық сомасы 90 млрд теңгеден асып отыр. Мамандар бұл 2018 жылғы сомадан шамамен 60 есе көп екенін айтады. Осыдан екі жыл бұрын аталған орталықтың реттеу жүйесі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) салық ашықтығы стандартына сай келді деп танылған.
Елорда • 18 Наурыз, 2024
Ұлы ұстаз әл-Фараби ізгі шаһар туралы әйгілі трактатында қалалар мен қауымдар жайын талқылай отырып, халқы өзара ізгілік иірімінде мамыражай ғұмыр кешетін қайырымды қалаға іңкәр қылып қоятыны бар еді ғой. Оны кезінде утопияға балағандар да табылды. Алайда қайырымды қала, ізгі мемлекет дегеніміздің өзі қайырымды адамдар мен ізгі қоғамнан бастау алмай ма?