Аймақтар • 18 Наурыз, 2024
Керекуде әлдебір аудан әкімінің ұлы 7-сыныпта оқитын қызды ұрып, мұрнын сындырған. Бұл туралы зардап шеккен қыздың анасы Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ол прокуратура мен облыс әкімінен бұл іске араласып, кінәлі тарапты қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.
Білім • 18 Наурыз, 2024
60 мыңдай талапкер тест тапсырды
Наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) басталғанына екі апта болды. Осы уақыт ішінде тестілеуді 59 мыңнан аса талапкер тапсырған. Олардың 70 пайызға жуығы шекті ұпай жинады.
Білім • 18 Наурыз, 2024
Астанада жоғары білім саласына қатысты академиялық адалдық туралы семинар өтті. Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы атанған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасы білім сапасын арттыру үшін бірқатар іс атқарып жүр. Соның бірі – «Академиялық адалдық» тақырыбындағы семинар.
Шымкент • 18 Наурыз, 2024
«Әуезов һәм Абай» ғылыми шығармалар жинағы оқырманға жол тартты
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Әуезов һәм Абай» атты 2-томдық ғылыми шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы ғалымдары зерттеулерінің нәтижесінде жарық көрген жинақтың таныстырылымына өңірдің зиялы қауым өкілдері, жазушылар, республикалық, жергілікті БАҚ өкілдері, оқытушы-ғалымдар және студенттер қатысты.
Әдебиет • 18 Наурыз, 2024
Екінші дүниежүзілік соғыс өрті сейіліп, айнала дауылдан кейінгі егін алқабындай алай-дүлей күй кешкен тұста Ұлытау бөктерінде туған жас сәбиді ешкім де аңғарған жоқ. Ол кезде тіпті кейіннен ағалық пікірлерін ақтарыла жазған Қадыр Мырза Әлі мен Тұманбай Молдағалиев 16 жастағы бозбала еді.