Қазақстан • 20 Наурыз, 2022
«Ұзынсарыға сақтаған сыбағам еді» деп Нағима жеңгей жеңді білектей қос қазы мен бір өзі бір табақ болатын телшікті, қыртысы қалың семіз жамбасты, жая мен омыртқаны кебежесінен суырып алды.
Кино • 20 Наурыз, 2022
Қайрат Кемалов: Керей ханның адами болмысын сомдауға тырыстым
Актер Қайрат Кемаловты көпшілік көрермен «Қазақ хандығы»: «Алмас қылыш» және «Алтын тақ» 20 сериялы фильмдер циклындағы Керей хан бейнесі арқылы жақсы таниды. Бір қызығы, айтулы рөл – қырық жылдан аса театр өнеріне қалтқысыз қызмет етіп, кілең басты рөлдерді сомдаған сахнагердің кино саласындағы алғашқы кесек жұмысы. Бүгінде Қарағандыдағы С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов жансарайын ақтарып, өнер мен өмір өнегелері туралы сыр бөлісті.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2022
Бауырластық – ішкі саясатымыздың мызғымас тұғыры
Елордадағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық институттарының және өңірлердің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын түсіндіру мен іске асыру мәселелері талқыланды.
Үкімет • 20 Наурыз, 2022
Үкімет жаңа Жолдауға сәйкес міндеттерді айқындады
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезектен тыс отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару және жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Осыған орай Үкімет мүшелері атқарылатын жұмыстарды баяндады.
Қаржы • 20 Наурыз, 2022
Салық – сіз бен біздің мемлекетке төлейтін міндетті төлемдеріміз. Осы қаржы арқылы қазынамыз толығып, бюджет реттеліп отырады. Ендеше, наурыздан наурызға дейінгі салық түсімдері мен осы саладағы атқарылған істерге шолу жасап көрелік.