Руханият • 21 Наурыз, 2023
Түркістан облысында Наурыз мерекесін он күн бойы мағыналы іс-шаралармен атап өту дәстүрге айналған. Ал «Наурыз бата» мерекенің әрбір күні мен сәтіне мән беріп, қоғамдық тұрғыдан бірігуге бағыттау мақсатындағы іс-шаралардың қорытындысы болмақ.
Мереке • 21 Наурыз, 2023
Атам қазақтың «диірменнің тасындай шыр айналған дүние-ай» дегеніндей, Барыс жылы уақыттың терең қойнауына сіңіп, енді міне, мінезі жұмсақ жан баласына қиянаты жоқ мамық жүнді жануар – Қоян жылы ғаламның ақ босағасын аттады.
Экология • 21 Наурыз, 2023
Жетісудың қай қырын суреттесеңіз де, қисса шерткен қариядай тебіренесіз. Әсіресе жер жібіп, күн мерейін төге бастаған шақта бұлақ біткен екпіндей тасып, көңіл арбайды. Көктемнің келгенін әуелі солар сезетіндей. «Дария басы – бұлақ» деп түйсінген халық, көзін ашып, шөлін басып, жолға салады. Бұл – сол маңайдағы ағайынның әдеткі тірлігі.
Теннис • 21 Наурыз, 2023
Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы қарсаңында мұхиттың арғы бетінен сүйінші хабар жетті. Теннистен еліміздің бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» санатындағы «Уимблдон» турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Қазақстан теннисшілері арасында тұңғыш рет «BNP Paribas Open» (WTA 1000) турнирінде топ жарды. Ол финалда Беларусь мақтанышы, әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенконы тізе бүктірді.
Халық • 20 Наурыз, 2023
Қазақ халқының ең үлкен қуаныш күні – Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі. Айтпағымыз, Самарқанның көк тасы көлбіп, ақ түйенің қарны жарылған айпара қуанышта Жаратушы жарылқап, жамырасқан халық бір-бірінің алдына ең дәмді асты қояды. Дана дәстүрге сай астаналық бір дәмді жамағатқа таныстырғалы отырмыз! Ол – «Тоқты-гриль».