Еңбек • 20 Наурыз, 2023
Ардақ ӘБІШЕВ, қолөнерші: Ең негізгі білім көзі – халықтың өзі
Сәнді әшекейлерді, зергерлік бұйымдарды жасау бұрын хобби болса, қазір – бизнес. Осы орайда қолөнерші, кәсіпкер Ардақ Әбішевпен Наурыз мерекесі қарсаңында әңгімелесіп, зергерлік саладағы мәселелерді тілге тиек еткен едік.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2023
Жердің тоңы жіби бастағаннан жұрт ауласын, мекеме, ұйымдар ғимаратының маңайын тазартып, көгалдандыруға кіріседі. Жыл сайын мереке аясында мәнді бастамаларымен ерекшеленетін Қазалыда биыл «Таза табиғат» республикалық акциясы аясында жүзеге асырылатын «Жасыл үй» челленджінде аулалар мен саябақтар көгалдандырылды. Мемлекеттік қызметшілер, барлық мекеме ұжымдары, аудан тұрғындары және жастардан құралған жалпы мың жарым тұрғын қатысқан челленджде бір мезетте 2700 түп ағаш көшеті отырғызылды.
Экология • 20 Наурыз, 2023
Қоқысты сұрыптау – әрі мәдениет, әрі бизнес
Әлемнің дамыған елдерінде қоқыстың түрлерін бөліп жинау мәдениеті әбден қалыптасқан. Оған қатысты сұрақ туындай бермейді. Өйткені тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу – үлкен табыс көзі. Біздің елде биліктен бастап, әртүрлі ұйым, жекелеген экобелсенділер қарапайым тұрмыста ғана емес, ірі және орта бизнеске қоқысты бөлек жинау мәдениетін енгізуге тырысып жатса да, нәтижесі әлі көңіл көншітпейді.
Күрес • 20 Наурыз, 2023
Қазақ күресін төрге шығарғандар
Қазіргі таңда ұлттық спорт түрлерінің ішінде ең шоқтығы биігі – қазақша күрес екені дау туғызбаса керек. Кезінде жұртшылық тек той-томалақ думандарда немесе халық көп жиналатын ас-жиындарда ғана ұйымдастырылатын балуандар бәсекесі деп қараған қазақ күресі қазір тек спорт емес, балуандық өнердің тамаша үлгісі ретінде бүкіл әлемге таныла бастады. Ал төл күресіміздің мұндай дәрежеге жетуіне, ұлттық күресіміздің елімізде өркендеп, бұқаралық сипат алуына үлкен үлес қосқан бірден-бір жоба – «Қазақстан барысы» екенін былайғы жұрт жақсы біледі.
Спорт • 20 Наурыз, 2023
Елімізде ұлттық спорт түрлерінің дамуына бірден-бір үлес қосып жүрген мекеме – Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы. Наурыз мерекесі қарсаңында аталған орталықтың бас директоры, кезіндегі Азия чемпионаты мен студенттер арасындағы әлем біріншілігінің жүлдегері, Сидней мен Афина Олимпиадасына қатысқан танымал дзюдошы Сағдат Садықовпен әңгімелескен едік.