Аймақтар • 20 Наурыз, 2023

Бектай ата орманы

381 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жердің тоңы жіби бастағаннан жұрт ауласын, мекеме, ұйымдар ғи­ма­ратының маңайын тазартып, көгалдандыруға кіріседі. Жыл са­йын мереке аясында мәнді бастамаларымен ерекшеленетін Қаза­лыда биыл «Таза табиғат» республикалық акциясы аясын­да­ жүзеге асырылатын «Жасыл үй» челленджінде аулалар мен­ саябақтар көгалдандырылды. Мемлекеттік қызметшілер, бар­лық­ мекеме ұжымдары, аудан тұрғындары және жастардан құ­ра­лған жалпы мың жарым тұрғын қатысқан челленджде бір­ мезетте 2700 түп ағаш көшеті отырғызылды.

Бектай ата орманы

Жалағаштықтар да биылғы ме­ре­кеде кенттегі Рәміздер ала­ңын абат­тандырып, Темірбек Жүр­ге­н­овтің 125 жылдығына байланыс­ты­ қайраткер есімін иеленген ел­ді­­ мекендегі аллеяға 125 көшет отыр­ғызды.

Қызылорда қаласында да «Нау­рыз нақышы – тазалық» ат­ты­ көркейту-көгалдандыру ша­ра­сы шеңберінде зиялы қауым­ өкіл­де­рі­нің қатысуымен көшет отыр­ғы­зылып, қаланы абаттан­дыруға бағыт­талған іс бастау алды.

Шиеліліктер көркейтудің қа­мы­на ақпанның соңын ала кірісіп ке­­тіпті. Шиелі кентінің іргесінен өте­тін «Шымкент-Самара» күре жо­лы бойындағы 3,6 гектар аумақ­қа­ шаруа қожалықтарының де­меу­­шілігімен 3700-ден аса кө­шет­ егіліп, 6,4 шақырым аумақ қор­шалды. Аудан орталы­ғын­да­ғы И.Әбдікәрімов, Ясауи көше­ле­рі­нің бойындағы 7,1 гектар жерге­ өн­діріс орындары, мекемелер жұмыс­шы­лары мен тұрғындар жұмылып 9 450 көшет отырғызды.

Осылайша, биыл ауданда 24 000­ түп­ егі­луі жоспарланғанмен, на­қ­­­ты отыр­­ғызылғаны 40 мың­ның­ үс­ті­­не шығады. Көбіне су тап­шы­лы­­ғы­­нан егілген шыбық желекке ай­нал­­май жатып қурап қалатыны бар. Осы­дан да ауданда жаңа егіл­ген­ аумақ­тар үшін арықпен келетін аяқ­судан бөлек, арнайы 4 ұңғыма қазылды.

Көптің ісі көркейтуге үлкен үлес қосып жүрген жандар да же­тер­лік. Көшет отырғызып, көк­тем­­нің сәнін кіргізетін сондай сәт­ті асыға күтетіндердің бірі – Қы­зыл­орда қаласының тұрғыны Бектай Сү­лей­менов ақсақал. Бұл кәсіпті он­ екі жасынан игерген бағбан осы­ған дейін орта есеппен 2 млн түп ағаш егіпті.

Түркістан облысындағы Шар­дара өңірінде дүниеге келіп, Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бі­тіргеннен кейінгі еңбек жолын­ атақонысы Сырдан бастаған ол об­лыстың бірқатар ауданында қызмет етті. Тоқсаныншы жыл­дары Қызылорда қаласының ірге­сі­­нен жер алып, түрлі ағаш еге бастады.

«Қызылорданың сор топырағы­на еккен ағаш өнбейді» дейтіндер көп. Бұл – жаңсақ пікір. Қазір бақта жеміс ағашының, басқа талдардың жиырмадан астам түрі бар. Он бір жыл бұрын отырғызған қылқан жапырақтылар қазір 5 метрге дейін өсті. Тіпті анар ағашынан жеміс алып отырмын. Тек тәсілін білу керек», дейді Б.Сүлейменов.

Қазір 4 гектар жерге 2 мыңнан астам ағаш отырғызған бағбан еккенін кәдімгі сорғы қондырғысымен-ақ­ суарып отыр. Осыдан біраз бұ­рын шаруасына қолдау іздеп тиіс­ті­ орындарды жағалаған екен. Мүм­кіндігі болса, субсидия алып, бақ­ аумағын кеңейткісі де келген. Бірақ­ «сіздің жеріңіз су басу қаупі жоға­ры­ аумақта орналасқандықтан, қол­дау­ға жатпайды» деген жауаптан кейін ойындағысының орындала қоймайтынына көзі жетті. Осы жерге алғашқы көшет тіккен 32 жылдан бері ондай қауіпті байқамаған қария бәрінен бұрын осы сөзге қайран қалады.

«Қазір жемістерден алма, алмұрт, сары өрік, тіпті анар да өсіріп отырмын. Бізде көбіне көшетті сырттан тасып, ол жергілікті топырақты жерсінбей, еңбекті еш етіп жатады. Жергілікті жерден қолдау болса, Сыр топырағына бейім жеміс ағаштары мен талдар егілген аумақты ұлғайта түсер едім», дейді қарт бағбан.

Көктем сәні – көшет. Әр аулада қоршаған ортаны көркейтудің қарекеті байқалады.

 

Қызылорда