Ғылым • 18 Наурыз, 2024
Септесетін серіктес табуға мүмкіндік алаңы
Елордада ғылым мен бизнестің байланысын бекітуге бағытталған ашық алаң ұйымдастырылды. Іс-шараға 100-ден аса зерттеуші және кәсіпкер қатысты. Осы арқылы ғалымдар инвесторларға өздерінің өндіріске енгізуге болатын жұмыстарын таныстыруға және жобаларын іске асыруға септесетін серіктестер табуға мүмкіндік алды.
Әлем • 18 Наурыз, 2024
Ресейдегі президент сайлауы: Дауыс берудің соңғы күні
Ресейде үш күнге созылған президент сайлауының соңғы дауыс беру күнінде сайлаушылардың белсенділігі алдыңғы күндердегіден біршама арта түсті. Ресей Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек, ел аумағындағы алғашқы күнгі дауыс беру қорытындысында сайлаушылардың небәрі 38-ақ, ал сенбі күні 58 пайызы сайлау учаскелеріне келсе, кеше бұл көрсеткіш қашықтан электронды дауыс беруді есептемегенде 64,99 пайызға жетті.
Саясат • 18 Наурыз, 2024
Еліміз халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болғандықтан, басына қиын іс түскен мемлекеттерге қолдан келген көмегін аяған емес. Оған кейінгі жылдың ішінде ғана жан-жаққа жөнелтілген гуманитарлық жүктер дәлел. Гуманитарлық көмектің басым бөлігі Орталық Азиядағы іргелес елдерге көрсетіліп отыр.
Алматы • 18 Наурыз, 2024
Алматының бір айда кемі екі-үш рет теңселіп алуы қалыпты жағдайға айналып барады. Биіктігі Алатаумен таласқан үйлерді мекен еткен тұрғындардың бірі Астанаға қарап көш түзесе, енді бірі жер үйге қоныс аударуды ойластыра бастады. Ахуал мегаполистегі тұрғын үй нарығына үлкен соққы беретін секілді.
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
Мерекеде қосымша пойыз бен вагон жолға шығады
Көктемгі мереке күндері ұлттық тасымалдаушы қосымша 30 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша үш пойыз енгізіледі.