Қазақстан • 13 Наурыз, 2018
Ұшқыр қиялға қанат бітірген. Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Әлия Мұқышева жайлы
Анасы кәсіби маман болмаса да, суретті жақсы салыпты. Оның осы тәлімін бойына сіңірген Әлия жеті жасында қолына қылқалам ұстап, табиғаттың тілмен айтып жеткізгісіз ғажайып көріністерін ақ қағаз бетіне түсіруден жалықпапты. Сурет пәнінің мұғалімі бойжеткеннің ұшқыр қиялына қанат бітіріп, кәсіптік бағыт-бағдар жағынан жетілуіне көп көмектесіпті. Содан бергі ғұмыры бейнелеу өнерімен біте қайнасып келеді.
Әдебиет • 13 Наурыз, 2018
Ар-намыстың ақтаңгері. Батыр Бөкенбай Қарабатырұлының ғұмыры
Даңқты батыр, қолбасшы, ұлт қайраткері Бөкенбай Қарабатырұлының туғанына 350 жыл толғалы отыр. Қазақ халқының тағдыр-талайын белгілеген, ұлт үшін ұлы сынаққа айналып, халық жадында Жаугершілік заман ретінде қалған дәуірде өмір сүрген осы көрнекті тұлғаның өз тарихымыздағы орнын орыс тарихындағы Кутузовпен салыстыра салмақтауға болады. Қазақ хандығы әлсіреп, алауыздық пен бақталастықтың кесірінен жоңғар шапқыншылығының тұсында босқынға ұшыраған халықты тұңғыш рет жұмылдырған, берідегі ұлттың тар жол, тайғақ кешулері тұсында елге тірек болған, болашақты қатесіз болжаған, Әбілқайыр ханның пікірлес серігі, ақылдас ағасы бола білген, талай шешуші айқастарда қазақ әскерінің даңқты қолбасшысы, беріде ірі мемлекет қайраткері, бола білген осы қаһарман туралы қазақ тарихына үлкен еңбек сіңіріп жүрген кәсіби һәм есті тарихшы Ирина Викторовна Ерофеева жуықта «Рыцарь Звания чести. Казахский батыр Бокенбай Карабатырулы» атты тамаша тарихи еңбегін жарыққа шығарды. Батырдың мерейтойына орай осы кітаптан ықшамдап аударылған үзіндіні оқырманға ұсынып отырмыз. Кітап биыл қазақ тілінде де жарық көрмек.
Қазақстан • 13 Наурыз, 2018
Жақсылығың мен кемшілігіңді көрші біледі
Еліміздің бас басылымындағы журналист Қарашаш Тоқсанбайдың «Көрінбейтін көршілер» атты мақаласында бүгінгі күннің түйінді мәселелері, тұрғындарды ойландыратын маңызды жайттар дөп айтылған.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2018
Еуразиялық топтан 2018-2019 жылдары Павлодардың дамуына 3,7 млрд теңге бөлінеді
Облыс әкімдігі мен «ERG» компаниялар тобы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. ERG компаниялар тобы мен облыс әкімдігі арасындағы келісімге сай Еуразиялық топтан 2018-2019 жылдары өңірдің дамуына 3,7 млрд теңге қаражат бөлінеді.
Қазақстан • 13 Наурыз, 2018
Мемлекеттік рәміздерге неге қол сұғады?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Елтаңба, Әнұран және Ту арнайы заңмен қорғалған. Бәрімізге де аян, 2011 жылы Эквадордың «Масош» фирмасы Қазақстан Елтаңбасындағы қанатты пырақтарды плагиаттық жолмен пайдаланып, оның соңы үлкен дауға айналған еді.