Әлем • 13 Наурыз, 2018
Илон Маск 2019 жылы Марсқа ракета ұшырмақ
SpaceX 2019 жылы Марсқа тест режімінде ракета ұшыруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл туралы Илон Маск South by Southwest (SXSW) технология және мәдениет фестивалінде айтты, деп жазады CNN.
Қазақстан • 13 Наурыз, 2018
Еуразиялық топ «Туған жер» бағдарламасын түлетеді
Еуразиялық топтың кәсіпорындары орналасқан әрбір елді мекен қызметкерлерінің туған жері, яғни компанияның өзі үшін де етене жақын. Осы қағида бойынша ERG жұмыс істейтін өңірлерде «Туған жер – Родные города» бағдарламасын іске асыруда. Ауқымды істің тиімді тетігі – өңірлердің әкімдіктерімен әріптестік туралы меморандум жасасу. Бағдарлама аясындағы жобалар 2018 жылы айтарлықтай ұлғая түсті.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2018
Еңсегей бойлы, қызыл шырайлы бұл кісіні Зайсан, Тарбағатай, Көкпекті, Жарма аудандарының барлық таксистері мен автобус жүргізушілері таниды десек қателеспеспіз. Бұл кісі де таксистердің барлығын таниды, тіпті көліктерінің нөмірлеріне дейін жатқа біледі. Бұл кісі деп отырғанымыз – 40 жылдан бері қара жолдың бойында табан аудармай еңбек етіп келе жатқан, Көкпектідегі «Қазавтожол» ЖШС-іне қарасты №29 жол пайдалануға беру телімінің (ДЭУ) бастығы Гүлдерай Мұхамадиева.
Әлем • 13 Наурыз, 2018
Өзара түсіністік – өзекті мәселелерді шешудің тікелей жолы
Өзбекстан Республикасының бүгінгі сыртқы саясаты мен ішкі өзгерістері туралы әңгіме қозғалса «жылымық» деген сөзді жиі еститін болдық. Шынында да Өзбекстанның қазіргі Президенті Шавкат Мирзиеев сыртқы саясаттағы белсенділікке де, интеграциялық процестерге де, екіжақты және көпжақты экономикалық ынтымақтастықтарға да кедергі келтіріп келген бұрынғы көптеген тыйымдарды алып тастап, оларды ептілікпен еңсеріп жатқанын көріп отырмыз. Сонымен бірге осы істерді кейбір батыстық жаңашылдар сияқты бұзып-жарып жасамай, шығыстық ептілікпен, ешқандай толқыныс пен бұлқыныс тудырмайтын, күйзелістерге соқтырмайтын шеберлікпен іске асыруда.
Әлем • 13 Наурыз, 2018
Қытайдағы конституциялық реформа: Си Цзиньпиннің мүмкіндіктері артты
Жексенбіде Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы конституцияның өзгертілген нұсқасын мақұлдап, бір адамды екі мерзімнен артық төраға болдырмайтын шектеуді алып тастады. Бұл Қытайдың бүгінгі басшысы Си Цзиньпинге және оның орынбасарына биліктің келесі мерзімдеріне сайлануға жол ашты. Бес жылдық екі мерзімнен тұратын бұл шектеуді алып тастауды үстіміздегі жылдың ақпанында Қытай коммунистік партиясы ұсынған.