Шымкент • 17 Наурыз, 2024
15 Наурыз – қайырымдылық, мейірімділік пен тату көршілікке шақыру күні. Бұл күні Шымкенттегі 10216 мен 55652 әскери бөлімдерінің қызметшілері көру қабілеті жеңіл және ауыр бұзылған балаларға арналған №33 «Ақбота» түзету балабақшасына арнайы ат басын бұрды. Ондағы мақсат – балалармен патриотизм туралы әңгіме өрбітіп, ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар тарту ету.
Мереке • 17 Наурыз, 2024
Қарағандыда тұңғыш рет Амал күні тойланды. Арқа мәдениетінің ақсарайы атанған Сәкен театрында ұйымдастырылған «Амал деген айыңыз…» атты өнер жәрмеңкесінде ел-жұрт есендік сұрасып, арқа-жарқа болды. Ұлттық құндылығымыз шеру тартқан көрме де, Көрісу күні көрініс тапқан театрландырылған қойылым да ерекше әсер сыйлады. Сәні мен салтанаты келіскен кештен көпшіліктің жаны жадырап, рухы аспандап тарқасты.
Көрме • 17 Наурыз, 2024
Көпті тамсандырған «kilem art»
Жаңа мазмұнда тойланатын Наурыз мерекесі қарсаңындағы «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні аясында Қызылорда қаласындағы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, креатив-суретші Дәулетбек Тойшыбаевтың «Kilem Аrt» атты көрмесі көп назарын аударды.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2024
Жетісуға АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм келді. Ол Көксу ауданына қарасты Жарлыөзек ауылдық округіндегі Мұқаншы ауылына барып, Наурыз мерекесіне қатысты. Елді мекендегі «Ochaq» тұрақты даму орталығының жай-күйімен танысып, жұмыс бағытына үңілді.
Байқау • 17 Наурыз, 2024
Рудныйда Наурызнаманың мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Дәстүрімнің балқаймағы – әжелер» байқауы өтті. Сайысқа қатысушылар қазақтың көнеден келе жатқан ұлттық салт-жоралғыларын көрсетіп, олардың мән-мағынасын ашып әңгімелеп берді.