Қазақстан • 12 Наурыз, 2018
Мал қорымдарының жағдайы шешімін күткен мәселе
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азық-түлік қауіпсіздігін қолдап, елді азық-түлікпен қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты дамуының басты белгісі екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Алайда бұл мәселеде шешілмеген түйткілдер көп.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2018
Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сын көтермейді
Елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу, ескерту және олардың зардабын жою саласында қордаланған мәселелер осы депутаттық сауалымызға себеп болып отыр. Осы бірер жылдың ішінде республика бойынша орташа есеппен алғанда барлығы 17 308 түрлі төтенше жағдай болды. Мұның 14843-і техногендік және 2465-і табиғи сипаттағы апаттар. Апатты жағдайлардан бір жылда шамамен 1212 адам қаза тапты, 4016 адам жапа шекті. Бұдан 23 миллиард 591 миллион теңге материалдық шығын келді.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2018
Құрманғазыны ел болып құрметтеу парыз
Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына биыл 200 жыл толады. Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылы өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне бұл дата енгізіліп, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне іс-шаралар өткізу тапсырылған.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2018
Рухани орталықтың аты бар, енді заты болса...
Кезінде Әулиеата атанып, кейіннен даңқты жырау Жамбыл есімі берілген облысқа келесі жылы сексен жыл толады. Жырау бабамыздың «Атыңнан айналайын, Әулиеата, атыңды мен алды деп болма қапа» деген бір кездегі тебіренісі кейін тасқа басылып, тарихқа айналды. Тарих тұңғиығына үңілсек, ежелгі шығыс шайырлары ғазалдарына арқау еткен Тараз, қазақтың қилы тарихында аты жиі аталатын Әулиеата жері байтақ даланың ұлы мұратына болысқан байырғы мекеннің бірі.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2018
Адамзатқа керегінің өзі бейбіт өмірдегі шат тұрмыс, ақыл-санасы, қуаты бойында тұрғанда жоғары білім алып, ел алдындағы қызметін адал атқару ғой. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Елбасымыз бастаған тәуелсіз мемлекетіміз халық игілігі жолында ұлт әлеуетін арттыру, мәдениетімізді жаңа деңгейге көтерерлік дамуды іске асырудағы ішкі-сыртқы саясатта тынымсыз жұмыс жүргізуде. Оның нәтижелі болғанына әлем халқы куә болып отыр.