Қаржы • 25 Наурыз, 2020
Қазақстан квазисекторлық субъектілердің валюталық түсімдерінің бір бөлігін сата бастайды
Ұлттық банктің хабарлауынша, бұл шара ұлттық валютаны тұрақтандыру мақсатында жасалды.
Әлем • 25 Наурыз, 2020
Әлем елдері сақтық шараларын күшейтті
Коронавирустың жаңа түрі дүниежүзін шындап әбігерге салды. Бұрын қамсыздау отырған мемлекеттер етек-жеңін қымтап, сақтық шараларын мықтап қолға ала бастады. Кейбіреулер коменданттық уақытын енгізсе, бәзбір елдердің тұрғындары үйден мүлде шықпау туралы бұйрық алды.
Қоғам • 25 Наурыз, 2020
Алматыда автобустар мен метро кешкі 19:00-ге дейін ғана жүретін болды
Егер оқырман есінде болса, бұған дейін де карантин күшіне енгеннен кейін мегаполисте қоғамдық көліктердің жұмысы кешкі сағат 21.00-ге дейін қысқарған болатын. 26 наурыздан бастап Алматыда автобус маршруттары мен метро кешкі сағат 19:00-ге дейін ғана жүретін болады.
Коронавирус • 25 Наурыз, 2020
Варшава - Қарағанды рейсіндегі жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
23 наурызда Қарағанды әуежайына Варшава – Қарағанды рейсінің ұшағы келіп қонды. Арнайы рейстің бортында 207 адам болған. Олардың барлығы COVID-19 вирусына тест тапсырды. Жолаушылардың ешқайсысында ауру анықталған жоқ. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 25 Наурыз, 2020
Қазақстан және Польша Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
2020 жылғы 25 наурызда Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Польшаның Сыртқы істер министрі Яцек Чапутович телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.