Қазақстан • 25 Наурыз, 2020

Қазақстан және Польша Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 25 наурызда Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Польшаның Сыртқы істер министрі Яцек Чапутович телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан және Польша Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

2020 жылғы 25 наурызда Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Польшаның Сыртқы істер министрі Яцек Чапутович телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында поляк сыртқы саяси ведомствосының басшысы Польшаның 19 азаматының Қазақстаннан Варшаваға қайтуына көрсетілген көмек үшін ризашылығын жеткізді. Өз кезегінде, Министр М.Тілеуберді Қазақстанның 207 азаматын елге қайтару барысында көрсетілген қолғабыс үшін поляк әріптесіне алғыс білдірді.

23 наурызда Польшаға жіберілген «Скат» қазақстандық әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсімен Қазақстанда қалып қойған поляк азаматтары да жолданған болатын.

Сұхбат соңында, тараптар екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде «COVID-19» коронавирус пандемиясы салдарынан орын алған дағдарыстық жағдайды жеңу бойынша жаһандық күш салысу шеңберінде одан әрі нығайтуға уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге поляк тарапы бастамашы болды.

Соңғы жаңалықтар