Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Маңғыстауда полицейлер қан тапсырды
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің басшылығы Маңғыстау облыстық «Қан орталығы» директорының қан орталығында қан жетіспеушілік туралы шақыруына жауап берді. Ақтау қалалық Полиция басқармасы патрульдік қызмет батальоны мен Мұнайлы аудандық полиция бөлімі патрульдік қызмет ротасының қызметкерлері қан тапсыруға қатысты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 25 Наурыз, 2020
101 қазақстандық АҚШ-тан елге оралады
Коронавирус пандемиясы бойынша АҚШ-тағы қазіргі жағдайға байланысты бүгін Вашингтондағы Қазақстан Елшілігінің және Нью-Йорк пен Сан-Францискодағы Қазақстан Бас консулдықтарының көмегімен АҚШ аумағындағы 55 отандасымыз елге қайтарылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға • 25 Наурыз, 2020
Рудныйда полицейлер мүмкіндігі шектеулі жанды өрттен аман алып қалды
Полиция басқармасының мәліметінше, 22 наурыз күні Рудный қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің бірінен өрт шығып, өздігінен жүре алмайтын мүмкіндігі шектеулі зейнеткер қызыл жалынға оранған пәтер ішінде қалады. Оқиға орнына өрт сөндірушілерден бұрын жеткен патрульдік полиция инспекторы Мақсұт Досыбаев пен кіші сержант Төлеген Қастаев дереу қою түтін тұмшалаған бесінші қабатқа көтеріліп, жалын құрсауында қалған зағипті дін аман сыртқа алып шығады.
Елорда • 25 Наурыз, 2020
Елордада дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр (видео)
Дәл қазір ел астанасы Нұр-Сұлтанда дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр.
Қоғам • 25 Наурыз, 2020
Медициналық бетперделерді өндіру мен сату лицензияны талап етпейді - Д. Абаев
Медициналық маскаларды өндіру арнайы рұқсаттардың болуын талап етпейді деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар 24" арнасында болған брифингте.