Қазақстан • 25 Наурыз, 2020

101 қазақстандық АҚШ-тан елге оралады

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус пандемиясы бойынша АҚШ-тағы қазіргі жағдайға байланысты бүгін Вашингтондағы Қазақстан Елшілігінің және Нью-Йорк пен Сан-Францискодағы Қазақстан Бас консулдықтарының көмегімен АҚШ аумағындағы 55 отандасымыз елге қайтарылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

101 қазақстандық АҚШ-тан елге оралады

СІМ бірқатар халықаралық әуе рейсінің болмауына және шетелдіктер үшін транзиттік аймақтардың жабылуына байланысты біздің көптеген азаматымыз Қазақстанға ұшып шығу мүмкіндігінен айырылғанын айтты.

«Осы жағдайды назарға ала отырып, Қазақстанның АҚШ пен Ресейдегі Елшіліктері бірлесіп, отандастарымызды Нью-Йорктен Мәскеу арқылы транзитпен ұшырды» деп мәлім етті Сыртқы істер министрлігінен.

Еліміздің АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығының мәліметінше, соңғы екі күнде Қазақстанға барлығы 93 адам келген. Ал бүгінде тағы да 8 қазақстандық елге оралуға дайын отырған көрінеді.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның 33 азаматы Сауд Арабиясынан аман-есен елге келген болатын.