Қоғам • 25 Наурыз, 2020

Медициналық бетперделерді өндіру мен сату лицензияны талап етпейді - Д. Абаев

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медициналық маскаларды өндіру арнайы рұқсаттардың болуын талап етпейді деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар 24" арнасында болған брифингте.

Медициналық бетперделерді өндіру мен сату лицензияны талап етпейді - Д. Абаев
"Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді еліміздің барлық өңіріне бөледі. Маска тігу жұмыстарын фармацевтикалық кәсіпорындар да, тігін цехтары да жүргізеді. Бүкіл ел бойынша 70-тен астам тігін кәсіпорындары тартылды" деді министр.

Сонымен қатар ол маскаларды өндіру мен сату тіркеуді және лицензияны талап етпейтінін атап өтті.

"Бұл медициналық өнім болып саналмайды және техрегламентке қайшы емес. Маскаларды өндіру және сату лицензияның болуын талап етпейді. Өнімнің бұл түрі медициналық бұйым емес" деді министр.

Бұған дейін Қаржы мониторингі комитеті елдің 12 өңірінде медициналық маскаларды қымбаттатып сатқан 17 оқиға тіркелгенін атап өткен. Барлығы үш миллионға жуық (2 932 019 дана) медициналық маска тәркіленген, олар денсаулық сақтау мекемелеріне берілді.