Қазақстан • 12 Наурыз, 2018
Әйелдер әр салада қызмет етуде
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына арналған мәслихат өтті. Шараға «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова, Жамбыл облысы өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айгүл Ақшалова, Атырау облысы өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Әлия Бекқожиева, Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Гүлмира Шажанбаева қатысып, ойларымен бөлісті.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2018
Аты айтып тұрғандай судан шығатын суын жылқы – мифтік бейне. Су болғанда да теңізбен, оның ішінде Хазар-Каспий теңізімен байланыстырылатын суын туралы аңыздар ғасырлар бойы өз тыңдарманын тамсантпай қоймайтын қасиетке ие.
Әдебиет • 12 Наурыз, 2018
Жан баспаған жасылын тапқан ақын
Әбубәкір Қайран ақын інімнің от жүректі отыздардағы кезі. Өлең оқыған кездегі ақындық алапаты керемет-тін. Әлі де солай. Бірақ жас кездегі жалыны мен жарасымы мүлдем бөлек. Ақынмен бірге тыңдаушы да бір сырлы да шуақты әлемге еніп жүре береді, ғажайып күйге бөленеді. Жұрт жиыла қалған жерде Әбубәкір өршіл өлеңдерін дүрілдетіп оқып ала жөнелді. Жатқа оқиды. Шашы жалбырап, арқаланып, аруақтанып, көзінен от шашқан шалқар да дарқан шабытпен буырқанып, көмейінен лақылдатып селдете, тау өзеніндей күрілдеп тасып оқиды.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2018
«Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» дейді дана халқымыз. Бұл қисын отау көтерген екі жастың тұрмысы түзу болуы үшін өз басында баспанасы болуы қажеттігін аңғартады. Үйі жоқ адамда қайдан күй болсын.
Бағдарламалар • 12 Наурыз, 2018
Елбасы Үндеуі ертеңгі күнге ынталандыра түседі
Еңбекақысы төмен қызметкерлер үшін жеке табыс салығын азайту Елбасының Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған маңызды бастамаларының бірі.