Ауыл • 20 Наурыз, 2023
Тұрғындарды интернетпен қамтамасыз ету – кез келген мемлекеттің басты міндеті. Соның нәтижесінде цифрлық шешімдер өмірдің барлық саласында қолданысқа ене бастады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, су, жылу және басқа да коммуналдық игіліктер секілді күнделікті қажеттілікке айналды.
Технология • 20 Наурыз, 2023
Тұрмысты жеңілдеткен жаңа технологиялар
Ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде пайдалану қажеттілікке, үйреншікті жағдайға айналды. Онлайн сатып алулар, рейстер мен қонақүйлерді онлайн брондау, қолма-қол ақшасыз төлем жасау... Бұларсыз бұрын қалай өмір сүргенбіз. Бүгінде мұндай қызметтің түр-түрін бірнеше секунд ішінде алуға мүмкіндік бар. Ол үшін смартфон мен қажетті мобильді қосымшалар болса жеткілікті.
Қоғам • 20 Наурыз, 2023
Наурыз мейрамы еліміздің түкпір-түкпірінде тойланып жатыр. Елордалық оқушылар да бұдан қалыс қалмады. Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінің 1 «А» «Zerek» сыныбының шәкірттері ұлттық құндылықты дәріптейтін кеш ұйымдастырды. Балақайлар думандатып ән шырқап, мың бұрала би билеп, мейрамның шырайын аша түсті.
Пікір • 20 Наурыз, 2023
«Кемді күн, қызық дәурен тату өткіз, Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!» деп Абай айтқандай, дүниенің тірегі – татулық. Тату елдің берекесі артады, бірлігі бекиді. Ерте дәуірден бізге жеткен мынадай әпсана бар. Қуаты мығым, жасағы мықты бір патша теңіздің арғы жағында алыста жатқан бейтаныс елге шабуыл жасау үшін қам жасайды. Әуелі елшілерін жіберіп, аңдысын байқайды. Жіберген елші-тыңшылары патшаға көрген-білгенін айтып келеді. «Ол елдің бірлігі бекем, ағайын арасындағы татулығы тас қамалдай берік екен. Ағасы үшін інісі, елі үшін ұланы жанын беруге даяр тұрған жұртты көрдік», депті тыңшылар. Барлаушылардың баянын тыңдаған патша басын шайқап: «Татулығы терең елді жау алмайды, бірлігі бекем жұртқа жұт келмейді» деген оларға соқтықпайық, жеңіліп масқара болады екенбіз», депті.
Мереке • 20 Наурыз, 2023
Басқаны қайдам, бізге көктем жаңа жылдың келуімен, Наурыз тойымен сипатталады. «Ескіше наурыз 13-інен 14-іне қарағанда туады» дегенді бұрын үлкендерден жиі естісек те, мән бермеппіз. Күн мен түн теңеліп, жылдың келетін уақыты осы 13-і екенін өткенде ақын Светқали Нұржан facebook парақшасында жазды. Оқыған бойда наурыздың 17-сі күні арнайы тексерсек, расымен күн түннен 10 минутқа озып, жарық жеңіп кетіпті. Көпшілігіміз аталған датаны Амал мерекесі, Көрісу күні деп танып келгенімізді неге жасырайық?