Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Қостанайда Densaylyq Qostanai қоры құрылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таяуда пандемияны ауыздықтау үшін мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шараларға қосымша республикалық қор құру туралы ұсынысына Қостанай облысындағы іргелі кәсіпорындар қолдау білдіруде. Аймақта індетке қарсы «Densaylyq Qostanai» қоры құрылып, оған елдегі ахуалға бейжай қарай алмайтын елжанды азаматтар, жеке кәсіпкерлер қаржы аудара бастаған.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Талдықорғанға кіріп-шыққан 46 128 адам тексеруден өтті
Алматы облысы аумағында 1 тұрғыннан коронавирус белгісі анықталған болатын. Қазір Қаскелең қаласындағы жұқпалы аурулар емханасында оқшауланған науқастың жағдайы тұрақты. Онымен байланыста болған 11 адам да дәрігердің бақылауында.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Таразда 4000-ға жуық медициналық маска тегін таратылып жатыр
Коронавирус індетінің алдын алуға байланысты Тараз қалалық әкімдігінің бастамасымен 4000-ға жуық медициналық маска тігіліп, олар көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін таратылды. Бұл ретте қалалық бірқатар мекеме мен қала тұрғындары да жалғызбасты қарттарға азық-түлік жеткізіп берсе, кейбір азаматтар тұрғындарға медициналық маскалар мен залалсыздандыруға арналған түрлі құралдарды тегін таратып, көмек қолын созуда.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Ақтөбеде секторлар құрылып, арнайы база жасақталды
Облыс тұрғыны шетелден коронавирус жұқтырып келгені бақылау мен сақтандыру шараларын одан әрі күшейтуге әрі бұл бағытта атқарылатын жұмыстардың ауқымын тереңдете түсуге негіз болып отыр. Осыған байланысты тұрғындар саны жарты миллионнан асып түсетін үлкен қала 23 секторға бөлініп, күрделі кезең талабына сай арнайы база жасақталды. Бұл жөнінде БАҚ өкілдері мен өңір тұрғындарына онлайн режимінде өткізілген брифингте Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров айтып берді.
Қоғам • 25 Наурыз, 2020
Шығыстағы жер-су атаулары: Маңырақ тауына қатысты аңыз
Байдың сөзіне басқалар құлақ асып, ақсақ қойды қалдырып жүріп кетеді.