Спорт • 20 Наурыз, 2023
Бельгияның Ломмел қаласында таэквондодан халықаралық «Belgian Open G2» турнирі аяқталды. Бұл бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 2 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды.
Қысқы спорт • 20 Наурыз, 2023
Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында ұйымдастырылған фристайл-могулдан Әлем кубогі кезеңі өз мәресіне жетті. Дүние жүзінің таңдаулы спортшылары қатысқан бәсекеде жерлестеріміз күміс медаль жеңіп алды.
Дәстүр • 20 Наурыз, 2023
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, қаршадайынан қолына қара домбыра ұстап, ұлттық өнерге ден қойған ұрпақтарға сүйінбей тұра алмайсыз. Еліміздің жеті мың білім беру ұйымында бір мезгілде «Балбырауын», «Адай» және «Сарыарқа» күйлері орындалды.
Өнер • 20 Наурыз, 2023
Биыл артына баға жетпес мол рухани қазына қалдырған Сырдың даңқты шайыры Омар Шораяқұлының туғанына 145 жыл толып отыр. Осыған орай Қызылордада аймақтың жас термешілері жыр додасына түсті.
Қоғам • 20 Наурыз, 2023
Таяуда ғана Әулиекөлде еліміздегі ең алып нәресте өмірге келгенін сүйіншілеп едік. Нұр шашқан наурыздың басында шыр етіп дүние есігін ашқан Айару бөпенің салмағы 7 килоға жақын! Қызығы сол, еліміздегі ең ұзын бойжеткендердің бірі де осы ауылда тұрады. 17 жастағы Аружан Ишанбекованың бойы екі метрден асады.